- Advertisement -

Баға қатаң бақылауда болуы керек

13

- Advertisement -

Халықты қажетті қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету қашанда өзекті мәселе. Осы бағытта облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру, заңсыз баға үстемесімен күресу бағытындағы жұмыстар сараланды.

Арнайы лауазымдық тағайындаулардан басталған әкімдік мәжілісіне аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Жиында алғаш болып баяндама жасаған облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Байқадам Дүйсенбаев халық үшін аса қажет азық-түлік түрі с ана латын т ауарларға сауда орындары тарапынан 15 пайыздан жоғары үстеме қосылмау керектігін жеткізді. Сондай-ақ, ол аталған бағытта орын алған ол қылықтардың алдын алу мақсатында арнайы ақпараттық шаралар мен жадынама арқылы түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыру керектігін, ал талапты саұқтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын айтты.

– Биыл департаментпен 6 тексеріс жүргізілді, оның ішінде 3 кәсіпкер ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке т артылып, көтерме бағамен с ат атын 2 дүкенге 156 910 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, сату бағаларын «Сауда саласын реттеу туралы» заңының талабына сәйкес сауда үстемесін ретке келтіру туралы ұйғарым берілді. Аталған ұйғарымдардың талаптары көрсетілген мерзімде орындалды. Қалған бір өтініш бойынша фактілер анықталмады. Мәселен, биыл Шу ауданында 2 дүкенге тексеріс жүргізіліп, біріншісіне е скерту беріліп, екіншісіне айыппұл салынды. Қордай ауданында екі дүкенге тексеріс жүргізіліп, е скерту түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды, – деді Байқадам Еркінбекұлы.

Азық-түлік бағасының көтерілуі түрлі экономикалық салдарға байланысты екені анық. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, өткен жылдың қорытындысымен өңірде жылдық инфляция 1,8 пайызды құраған. Соның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының инфляциясы жыл басынан бері 2 пайызды құраса, ал соңғы бір апта ішінде 0,3 пайызға өскен. Статистикалық мәліметке сүйенсек, соңғы аптада бағасы қымбаттаған тауарлар санатында күріш, сиыр еті, тауық жұмыртқасы мен тұздалмаған сары май бар.

– Әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларына жататын 9 тауар түрінің бағасы жыл басынан бастап өсті. Олардың ішінде нан, тауық жұмыртқасы, айран мен тұз, тауық еті мен күріш, тұздалмаған сары май, сүзбе және сиыр еті бар. Ал, қарақұмық жармасы мен күнбағыс майының бағасы төмендеді. Сонымен қатар, бүгінгі күнде қант бағасының көтерілу мүмкіндігі жоғары. Қаңтар айының басында қанттың көтерме бағасы 290 теңге болса, қазіргі таңда келісі 385 теңгеден саудаланып отыр. Наурыз айының соңына дейін қанттың көтерме бағасы 420 теңге болуы күтілуде, – дейді Аспандияр Мұраталыұлы.

Басқарма басшысының сөзінше, бағаны тұрақтандыру үшін жоспарлы жұмыстарға сәйкес халықаралық трендтердерге талдау жасалып, артық делдалдық буынды жою, тауар интервенцияларын жүргізу шаралары жалғасын табатын болады.

Бұдан бөлек, жиын барысында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев аймақтарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне қатысты заң бұзушылықтардың алдын алып, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

– Жыл басынан бері Қордай, Шу аудандарында ғана азық- түлік бағаларына сауда үстемесін арттырған кәсіпкерлерге шара қолданылған. Ал, өзге аудандарда әлі де жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сол себепті де алдағы уақытта ірі сауда желілерінде азық-түлік бағасы бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуі шарт. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган тарапынан отандық өндірушілерге қолайлы жағдай қалыптастыру да маңызды. Осы бағытта жауапты басшылар тиімді шаралар қабылдап, нақты статистика негізінде жұмыстарды қолға алуы қажет,–деді Ербол Шырақпайұлы.

 

Нұрболат АМАНБЕК

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support