- Advertisement -

Әулиеатадағы ақындар аламаны

18

- Advertisement -

Бүгінде қазақ айтысы биік шыңға көтеріліп келеді. Аламанда әулиеаталық жыр жүйріктері де бақ сынап жүр. Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Биыл бұл аламанға еліміздің әр өңірінен бірқатар ақындар қатысты. Айтысты белгілі айтыскер ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев жүргізді.

Жыр додасына жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова, ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қалқаман Сарин, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Халиолла, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Айтмұханбет Исақов, журналист, облыстық мәслихаттың депут аты Оралхан Дәуіт және айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков қазылық жасады.

Айтыстың алғашқы жұбы ақтөбелік Нартай Тілеуқұл мен жерлесіміз Дархан Әбдіманат тартысты өнер көрс етті. Бірінші болып айтысты бастаған Нартай ақын Жамбыл өңірінен шыққан қазақ киносының корифейлері Асанәлі Әшімовпен Тұңғышбай Жаманқұловтың сом тұлғаларын өлеңмен өрнектеді.

Жыр додасында сынға түскен ақындардың келесі жұбы Солтүстік Қазақстан облысынан келген Жарқын Жұпархан мен жамбылдық Алтынкүл Қасымбекова айтыс алаңында өнер көрсетті.

Төрешілер тарапынан жоғары ұпай алған қос айтыскер, әдемі әзілдерімен көрермен көңіліне қуаныш сыйлады.

Жыр бәйгесінде аты белгілі павлодарлық Аспанбек Шұғатаев пен жерлесіміз Қанат Мырзахан бірінен бірі асқан дүлдүлдер екенін көрсетті. Екі ақынның арасындағы айтыста да ұлы тұлғалардың еңбегі мен ерлігі айтылды.

Жалпы, бұл айтыста ақындар бір-бірімен тартымды айтыс жасады. Өзге жұптар да атамұра өнердің бәсін арттырды.

Нәтижесінде, бас жүлдені жерлесіміз, жамбылдық ақын Қанат Мырзахан жеңіп алды. Жүлдені облыс әкімі аппаратының басшысы – Лесбек Ілебаев табыстады. Ал, павлодарлық Аспанбек Шұғатаев І орынды, жерлесіміз Дархан Әбдіманат жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, қос ІІІ орын жамбылдық Алтынкүл Қасымбекова мен Абай облысының намысын қорғаған Әсем Ережеқызына бұйырды. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыс бойынша департаментінің арнайы жүлдесін адалдықты жырлаған ақын Мейірман Шәкенов иеленді.

Айтысқа қатысқан барлық ақын Алғыс хатпен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support