- Advertisement -

Қазынашылық жүйесі қызметкерлеріне құрмет

37

- Advertisement -

Тараз қаласындағы «Достық» үйінде қазынашылық жүйесінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиында саланың даму тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. Бұл уақыт ішінде қазынашылық жүйесінің өңір экономикасының ілгерілеуіне қосқан үлесі мен облыс бюджетінің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуде көп жұмыстар атқарғандығы, экономикалық және саяси реформалар барысында мемлекеттік қазынашылық жүйе дамып, нығайып үлгергендігі туралы айтылды.

Салтанатты жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, қазынашылық жүйесінің қызметкерлерін құттықтады.

– Қазынашылық жүйесі 30 жыл ішінде әртүрлі даму кезеңдерінен өтті. Әлі де алдында үлкен мақсаттар тұр. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары Қазынашылықтың Бас басқармасы да құрылды. Сала мамандары қаражатымызды мақсатты түрде іске асыруды қамтамасыз етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев қаржы саласына ерекше көңіл бөлуде.

Қазынашылық жүйесі 30 жылда әртүрлі даму кезеңдерінен өтіп, бүгінгі таңда еліміздің қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Қаржы жүйесін дамытуға қазынашылық органдарының қосқан үлесі зор деп сеніммен айта аламын. Бұл саланың темірқазықтай қалыптасуына осы жерде отырған сала ардагерлері мен қызметкерлері мол үлес қосты. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында өңір экономикасы қарқын алып, былтырғы жылдың бюджеті 99 пайызға игерілді, – деді облыс әкімі. Бұдан кейін аймақ басшысы бірқатар сала озаттарын «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев қазынашылық жүйесінің қызметкерлерін құттықтап, сала қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне 30 жыл» төсбелгісін табыстады.

Ал, сала ардагері Айбарша Сүндетқызы да жақсы тілегін арнап, әріптестерін мерекесімен құттықтады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support