Ұлттық басылым күні құтты болсын!

Ұлттық басылым күні құтты болсын!
ашық дереккөз
Ұлттық басылым күні құтты болсын!

Құрметті баспасөз қызметкерлері!

Құрметті ардагер журналистер!

Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Қазақ журналистикасының қазығын қағып, іргесін қалап кеткен Алаш ардақтыларының рухани көсемдерінің бірі Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деп бекер айтпаса керек. Осы тұрғыда бұқараның базынасына құлақ түріп, ойлы оқырманның талғам тамырын тап басып, жақсылықтың жаршысы бола білген баспасөз қызметкерлерінің еңбегі елеулі. Шын мәнінде, бұл күн ке здейсоқ таңдалмаған. Өйткені, 1913 жылы дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрген. Бүгінде өңіріміздегі газет-журналдар облыс тұрғындарының толғандырған өзекті мәселелерін дер кезінде көтеріп, шынайы және сапалы ақпарат таратуда. Сіздер өздеріңізге жүктелген міндеттерді лайықты түрде атқарып келесіздер. Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, бақ- береке және шығармашылық табыс тілеймін!  

Облыс әкімі Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ

Ұқсас жаңалықтар