- Advertisement -

Спортсүйер қауымның сүйініші

42

- Advertisement -

Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп. Өйткені, табалдырықты аттаған жаңа жыл қарсаңында облысымызда, атап айтқанда, бес аудан мен Тараз қаласында 9 спорт кешені ел игілігіне берілді. Бұл ең алдымен спортсүйер қауымды қуантып отыр. Әсіресе, жастардың спортқа деген талабы жоғары. Бір атап өтерлігі, бұл жобалар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асырылған.

Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбековтің айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өткен жылы құрылыс жұмыстары жүргізілген 9 спорт кешені жыл соңында пайдалануға берілген. Атап айтсақ, Жамбыл ауданында 2 спорт кешені, Шу ауданында 1, Т.Рысқұловта 2, Қордайда 2, Жуалыда 1 спорт кешені бой көтерген. Ал, Тараз қаласы Құмшағал алабында жергілікті бюджеттен 1 спорт кешенінің құрылысы жүзеге асырылып, пайдалануға беріліпті.

– Бұл спорт кешендерінде күніне 180-нен 240-қа дейін жас спорттың дзюдо, бокс, баскетбол, волейбол, футбол сынды үйірмелеріне қатыса алады. Биыл облыста 13 спорт нысаны пайдалануға беріледі. Атап айтсақ, Жамбыл ауданындағы Қаракемер, Өрнек пен Бесағаш ауылдарында, Мойынқұм ауданындағы Айдарлы, Т.Рысқұлов ауданындағы Р.Сабденов пен Жаңатұрмыс, Жуалыдағы Б.Момышұлы мен Ертай, Қордайдағы Қарасай, Меркідегі Сармолдаев және Андас батыр ауылдарында, Байзақта Сарыкемер, ал Талас ауданындағы Ойық ауылында спорт нысандарының құрылыстары қолға алынып отыр. Оның да игілігін көретін күн алыс емес, – дейді Нұржан Жолдасбеков.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support