- Advertisement -

Дені сау ұлттың болашағы айқын

32

- Advertisement -

Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков облысқа жұмыс сапары барысында «Ғылыми клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығында» болып, оның тыныс- тіршілігімен танысты.

Медициналық орталықтың директоры Сейітхан Жошыбаев сенаторға орталықтың материалдық-техникалық базасының жағдайын, мұндағы заманауи аппараттардың жұмыс істеу дағдысын таныстырды. Медициналық, операциялық бөлмелерді, зертханаларды және палаталарды көрсетіп, жұмыс барысын баяндады.

Кездесу барысында Бекболат Орынбеков медицина мамандарының тарапынан көтерілген мәселелерге тоқталып, сұрақтарына жауап берді.

– Бүгінгі таңда денсаулық пен білім салаларына мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп жатыр. Ел болашағының іргесін тіктеп, осы мәселелер бойынша барша қажеттіліктер шешімін табуда. Дені сау ұлттың болашағы айқын десек, осы орайда медицина тарапынан жетістіктерге қол жеткізу бүгінгі күннің басты жоспары, – деді сенатор.

Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сейітхан Жошыбаев заман талабына сай диагностикалық және емдік жабдықтармен қамтамасыз етілген орталықта өз ісінің білгір мамандары жұмыс істеп, халыққа жоғары медициналық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Бұл күні сенатор сондай-ақ, «Тараз энергоорталық» акционерлік қоғамында, Жамбыл ауданы, Құмшағал ауылында болып, 180 орындық мектептің құрылысымен танысты.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support