- Advertisement -

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

25

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2024 жылғы 12 қаңтарында, жергілікті сағат 15.00-де Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78 үй, 5-қабат, 506 кабинет мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен әлеуметтік маңызы бар ауданаралық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:

№ 3 лот «Жаңатас қаласы – Тараз қаласы»

Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Желтоқсан көшесі, №78 үй, 5-қабат, 506 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.

Конкурстық құжаттарды алуға және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылдың 3 қаңтары сағат 12.00-ге дейін.

2023 жылғы 19 желтоқсанда, сағат 15.00-де конкурстық Комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.

Анықтама телефоны: 8 (7262) 43-06-85.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support