- Advertisement -

Бір аптада – 45 шақырту

53

- Advertisement -

Облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары өткен аптада 45 рет шақырту алып, түрлі тұрмыстық өрттер мен автокөліктердегі өрттерге жедел түрде шықты.

Соның ішінде қураған шөптер мен қоқыстардың жануына 16 рет, авариялық- құтқару жұмыстарына – 5, электр құрылғыларының қысқа тұйықталуы бойынша – 2, полиция қызметкерлерінің жұмысына көмектесу мақсатында – 4, есіктерді бұзып ашу бойынша – 9, жанудың анықталмаған оқиғасына – 2, жануарларды құтқару бойынша 3 рет шақыртуға шыққан.

Қазіргі уақытта облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары тұрғын үйлерді аралап, жылыту маусымы кезеңінде қайғылы жағдайлардың орын алмауы үшін тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің мамандары облыс тұрғындары мен қонақтарын жылыту маусымында газ және пеш қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Өрт орын алған жағдайда неме се басқа да төтенше жағдай туындаған болса дереу «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу керектігін еске салады.

Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі – қашанда алдыңғы орында екенін естен шығармаңыздар!

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support