- Advertisement -

«Жатақхана» жедел алдын алу шарасы жиі кездесетін бұзушылықтарды анықтады

44

- Advertisement -

13-17 қараша аралығында елімізде «Жатақхана» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері коммуналдық қызметтермен, волонтерлермен және қоғам қайраткерлерімен бірлесіп жатақханалар мен хостелдерді аралады. Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйдің өртке қарсы жағдайына тексеру жүргізіліп, тұрғындарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Жеке тұрғын үйлерді жатақханалар мен хостелдер ретінде қайта жабдықтау өрт қауіпсіздігі саласындағы кейде сақталмайтын қосымша талаптарды орындауға әкеп соғады. Тексерулер барысында жатақханаларда тұрғындардың ең көп санын орналастыру мақсатында үй- жайларды қайта салу, қолдан жасалған ұзартқыштар мен жылытқыштарды, ақауы бар электр құрылғыларын, зақымдалған оқшаулауы бар электр сымдарын және тағы басқа да тәсілдерді пайдалану сияқты аса жиі кезде сетін бұзушылықтар анықталды.

Республика көлемінде ұйымдастырылған рейд барысында Тараз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері де тұрғындарға өрттің алдын алу, өрт жағдайын бағалау, азаматтарға өрт кезінде өздерін және мүліктерін қауіпсіз сақтаудың жолдарын жан-жақты түсіндірді. Ал, полиция қызметкерлері көші- қон заңнамасы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын тексерді.

Қазіргі таңда Тараз қаласы аумағында барлығы 37 жатақхана бар. Аталған жатақханаларда жергілікті атқарушы орган полиция қызметкерлерін, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының өкілдерін және «Жібек жолы жастары» еріктілерін жұмылдыра отырып, бірлескен іс-шаралар өткізді. Өйткені, адамдар көп жиналатын орындарда әрқашан өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ерекше талаптар қойылады. Мұндай ғимараттарға жатақханалар да жатады.

Айта кетсек, жыл басынан бері Тараз қаласындағы жатақханаларда 5 өрт оқиғасы тіркелген. Өкінішке қарай, аталған өрт оқиғасынан 2 адам қаза болып, 3 адам жарақат алды. Сондықтан, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар сақтық шараларын сақтау қажет. Сонымен қатар, жатақхананың әрбір тұрғыны өрт туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі тиіс.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жатақханалардың тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыра отырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Адамдарды дер кезінде хабардар ету болашақта қайғылы жағдайлардың алдын алуға септігін тигізері анық. Осыған орай, қала аумағындағы жатақханаларды толығымен аралап, ондағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулар беріліп, анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайлары бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар жолданатын болды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support