- Advertisement -

Бағасы биік экспозициялық бұрыш

18

- Advertisement -

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Тифломузей жобасы аясында Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» атты зағип азаматтарға арналған экспозициялық бұрыш ашылды.

Арнайы кітапхана оқырмандары мен музей қонақтары қатысқан іс-шараны аталған аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Айдын Базилов, аудандық арнайы кітапханасының оқырманы Амангелді Сәрсенбаев салтанатты түрде ашты. Аудандық зағип оқырмандар мен музей қонақтары алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының Меркі аудандық бөлімінің кітапханашысы Мария Нисонова музейге брайль қарпіндегі Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Жолдауын және өз қолымен жасаған қолөнер туындысын сыйға тартты.

Экспозициялық бұрышқа сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың қорынан А.Асқаровтың қызы Жанет Асанбайқызының музейге сыйға тартқан жәдігерлері қойылды. Зағип жандарға арналған жәдігерлерге заманауи үлгідегі QR-код орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы музейдегі жәдігерлермен және Асанбай Асқаровтың жеке дүниелерімен жан-жақты таныса алады.

Дәл осындай экспозициялық бұрыш Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейінен де ашылды. Іс- шараны аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Елдар Үтембаев ашып, аталған бұрышты таныстырып өтті. Жиынға арнайы кітапхана оқырмандары мен музей қонақтары қатысты.

 

Зарина ДҮКЕНБАЕВА,

облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support