- Advertisement -

Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қатысты

15

- Advertisement -

«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту» туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №530 бұйрығымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын облыстың жергілікті атқарушы органы көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Жер кодексінің» 44)-бабы Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру 5-2) тармағында Ғибадат үйін (құрылысын) салу үшін жер учаскесін беру оны салу туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі.

Осыған орай, облыстың жергілікті атқарушы органның шешімі (рұқсат) алынбай жер комиссиясының оң қорытындысын алуға тыйым салынады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық үкімет «www.egov.kz, www.elicense.kz» веб-порталына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елді мекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);

3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күнді құрайды.

Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда мына мекенжайы бойынша (Төле би №35а, байланыс нөмері: 8 (7262) 43-78-80, 43-47-82) ақпарат алуға болады.

 

Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,

облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support