- Advertisement -

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерін Қарттар күнімен құттықтады

143

- Advertisement -

Халықаралық Қарттар күніне орай жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Бұл күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов ардегер Қайрат Масатбаевтың үйіне бас сұқты. Жылы жүздесуде Жәнібек Жамалбекұлы әрбір ардагердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері сондай-ақ тәлім-тәрбиелері бүгінгі жастарға қашанда үлгі болып қала беретінін атап өтті.

– Ең алдымен, Сізді мерейлі мерекеңізбен құттықтаймыз. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз бүгінгі жас қызметкерлерге қашанда үлгі. Себебі, Сіздер егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қостыңыздар. Бүгінгі күнге дейін талай жасты тәрбиелеп, лайықты ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Ал, қазір бейнеттің зейнетін көріп отырған осынау шақта да тәжірибелеріңізді бөлісуден шаршамай келесіздер. Қазыналы қариямыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер, — деді Ж.Қосжанов.

Айта кетейік, сала ардагері Қайрат Сабырұлы ҚАЖ саласында 32 жыл қызмет еткен майталман маман. Он жыл бұрын зейнетке шыққан саналы ғұмырын яғни, 18 жасынан бастап 54 жасына дейін қоғам тыныштығын күзетуге арнаған. Бүгінде Қайрат Масатбаев ұл-қыздарынан бірнеше немере сүйіп отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support