- Advertisement -

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ КЕШІ ӨТТІ

151

- Advertisement -

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлікуниверситетінде бірінші курс білімгерлеріне арналған «DULATY FEST» cтуденттер қатарынақабылдау кеші өтті. Салтанатты жиынды университет ректоры Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзімен ашып берді.

– Биылғы оқу жылында студенттер алдыңғы жылдардағы жастармен салыстырғанда өте белсенді. Бұл пікірді оқытушылар мен факультет декандары үнемі айтады. Бүгінгі кеште бұл сөздің растығына куә болдым. Құрметті студенттер, барлықтарыңызды осы қуанышты күнмен құттықтаймын. Білім беру жүйесіңдегі өзгерістер тек жастардың мүддесі үшін жасалуда. Осы қолдауды пайдалана отырып, ЖОО-нын қызыл дипломға бітіріп, магистратура, докторантурамен жалғастыруларыңызға тілектеспін, деді Мұхтар Қазбекұлы.

Дәстүрлі түрде табысталатын «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» ректор республикалық байқаулардың жеңімпазы Күнсұлу Даниярқызына және мемлекеттік грант иегері Дулат Гамзатұлына табыстады.  

«Дулати FEST-ке» екі мыңға жуық студент қатысты. Бұл бастаманың еркін әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жастардың қуанышынан көруге болады. Екі сағатқа созылған кеш барысында студенттік ұйымдар көрмесі және факультеттер шеруі өтті.

Биылғы салтанатты рәсім форматы дәстүрлі кілт табыстаумен қатар өзгеше, креативті шоуларды жүзеге асырумен ерекшеленді. Студенттер арасында ұтыс ойыны жүргізіліп, университеттің мерч өнімдері сыйға тарту етілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support