- Advertisement -

Мәдени-гуманитарлық байланыс нығая түспек

61

- Advertisement -

Кеше өңір басшысы Нұржан Нұржігітов Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесу өткізді. Нұржан Молдиярұлы басқосу барысында қасиетті Әулиеата өңірінің көрші елмен қарым-қатынасының дұрыс жолда келе жатқанына тоқталып, алдағы уақытта өзара ынтымақтастық аясында әлеуетті инвесторлар мен туристер тарту ісін жандандыру жайын қозғады.

– Қуанышта да, қиындықта да бір- біріне сүйеу болған қос халықтың қарым-қатынасы бүгінде беки түспесе, арасына сызат түсуіне ешқандай жайт негіз болған жоқ. Соның нәтижесінде екі ел арасындағы алыс-беріс, барыс- келіс, сауда-саттық үзілмей келеді. Бір- біріне іргелес жатқан қос ел халқының күнделікті тұрмыстық байланысынан бөлек, қазақ пен өзбек халықтарының қарым-қатынасы мемлекетаралық деңгейде жолға қойылған, – деді Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде Саидикрам Пархатұлы алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Жалпы, жиында қос тарап сауда- экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Бұдан бөлек, стратегиялық әріптестіктің басым бағыттары бойынша қол жеткізуге болатын шарттардың маңыздылығына мән берді.

Еске салсақ, Жамбыл облысының Өзбекстан мен сыртқы сауда айналымының көлемі өткен жылы 29,7 миллион АҚШ долларын құраса, биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында сатып алынған тауардың көлемі 14,4 миллион АҚШ долларына тең. Айта кетейік, облысқа жасаған жұмыс сапары аясында Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды, тарихи- мәдени нысандарды аралап, өңір кәсіпорындарында кездесу өткізді.

 

Есен ӨТЕУЛІ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support