- Advertisement -

Орындаушылық тәртіп – басты назарда

41

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте кеңесінде орындаушылық тәртіп, азаматтардың өтініштері мен мәселелерінің шешілу барысы қаралды.

Басқосуда баяндама жасаған облыс әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру- инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы Ерсұлтан Жарқынбай өңір басшысының Мойынқұм ауданына жұмыс сапарлары кезінде берілген тапсырмалардың орындалу деңгейіне тоқталды.

Атап айтсақ, өткен жылы ұйымдастырылған кездесулерде мойынқұмдықтар тарапынан 20 мәселе көтерілсе, оның 10-ы шешімін тауып, 8-і орындалу үстінде. Қалған екеуі шешілмеген. Ал, осы жылдың басынан бері облыс әкімімен өткен кездесулерде 30 мәселе көтерілген. Өңір басшысы ол мәселелерді жан- жақты қарастырып, нәтижелі шешу бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеген болатын. Бүгінге дейін оның 9-ы толығымен орындалса, 20- сы орындалу үстінде.

Сондай-ақ, жиында облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхаммед Ниязбеков жеке азаматтардың арыз-шағымдарының қаралу барысын баяндады.

Облыс әкімі ауыз су тарту, ағаш отырғызу, интернетпен қамту секілді өзге де бірқатар м ә с е л е л е р г е қ а т ы с т ы басқарма басшылары мен аудан әкімдерінен жауаптар алды. Нұржан Нұржігітов тұрғындардың әрбір өтініші, көтерген мәселелері назардан тыс қалмай, оларды сапалы шешу шаралары тұрақты түрде жүзеге асуы тиіс екендігін атап өтті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ауылдарда халықпен тек кездесіп қана қоймай, оларды алаңдататын мәселелерге барынша көңіл бөлуіміз керек. О лардың өтін іштерін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде нақты шешу жолдарын жүргізуге міндеттіміз. Бұл бойынша берілген тапсырмалар сапалы әрі уақтылы орындалуы қажет. Ол жеке бақылауымда болады. Сонда ғана тұрғындардың жергілікті билікке деген сенімін нығайта аламыз, – деді Нұржан Нұржігітов. Сондай-ақ, облыс әкімі басқарма басшыларына, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне де өз деңгейінде тиісті жұмыстарды үздіксіз жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, басқа аудандар бойынша да берілген тапсырмалардың орындалуын талдау алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support