- Advertisement -

Жайылым жерлері берілуде

152

- Advertisement -

Облысымыздың әкімшілік аумағы 14427,5 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жер 4675,8 мың, елді мекендер жері 845,2 мың, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер – 174,9 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11,6 мың, орман жер қоры – 4429,0 мың, су қорының жерлері – 356,1 мың гектар және босалқы жерлер – 1463,3 мың гектар.

Жайылым жетіспеушілігін анықтау мақсатында облыстың прокуратура органдарымен бірлесіп зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде елді мекендерге 683 мың гектар жайылым жетіспеушілігі анықталды. Қазіргі кезде мәселені жүйелі түрде шешу үшін 5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Жер кодексінің 36-бабына сәйкес, ауылдық округ теңгеріміне босалқы жерлер санатындағы жайылым жерлерді елді мекенге беру жұмыстары басталды. 2021 жылы жалпы республика бойынша 1,8 миллион гектар жайылымдық жер қайтарылды, оның 730,2 мың гектары жергілікті халыққа пайдалануға берілді. Оның ішінде біздің облысымыз 227,5 мың гектарын бекітіп берді.

Былтыр 170,0 мың гектар жер ауылдық округтерге бекітіліп берілген болатын. Ортақ жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігін елді мекендерге қайтарып беру жүргізілуде. Осы жерлер және елді мекендер аумағына 5 шақырым радиуста жақын орналасқан 199,6 мың гектар жайылым жер ауылдық округтермен рәсімделді.

Мал басы көп тұрғындардың малдарын орман қоры жеріне шығару ұйымдастырылуда. Орман қорындағы 1,08 миллион гектар жайылымға 242,9 мың мал басы шығарылды. Жер пайдаланушылармен өнімі жиналып алынған жерлерге кедергісіз мал жаюға Меморандум жасау жұмыстары жүргізілуде. Көлемі 486,5 мың гектар болатын 2071 шаруа қожалық пен меморандум жасалды.

Былтыр жалпы жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесі арқылы 415,8 мың гектар жер игерілмегені анықталып, тексеруге ұсынылды. Нәтижесінде 129,5 мың гектарға мал басы қайта тіркелді. Игерілмеген жер көлемі 254,7 мың гектар болып, оның 103,5 мың гектарына нұсқама берілді. Биыл қайтару жоспары 200,0 мың гектар болып бекітіліп, 6 айда 95мың гектар қайтарылды.

Жалпы, кейінгі екі жылда елді мекен жайылымы 363,0 мың гектардан 741,0 мың гектарға дейін ұлғайды. Биыл қосымша 69,3 мың гектарға ұлғайту жо спарлануда. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жетіспеушілік 164,8 мың гектарға дейін төмендеді. Алдағы уақытта да қарқынды жұмыстар жалғасын табады.

 

Бақтияр КӨПБОСЫНОВ,

облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support