- Advertisement -

Сарысуды көркейтуге күш салады деп сенеміз

28

- Advertisement -

Кеше Сарысу ауданында өткен актив отырысында аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов ауданның жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Сарысу аудандық мәслихатының келісімдері бойынша аудан әкімі лауазымына Сәкен Үмбетұлы Мамытов тағайындалды. Аймақ басшысы Сәкен Үмбетұлын құттықтап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

– Сәкен Үмбетұлының басшылық қызметтегі ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол. Әріптесіміз өз жұмысын жоғары деңгейде атқаратын білікті азамат. Сондықтан, Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды дамытудағы жаңа бастамалары мен тапсырмаларын бұлжытпай орындап, өздеріңізбен бірге туған жері Сарысу ауданын бұдан әрі көркейтуге күш салады деп сенеміз. Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы мен қоғамдық- саяси ахуалдың тұрақты болуына өз үлесін қосатынына күмәніміз жоқ. Аудан жұрты жаңа басшыны қолдап, ел игілігі үшін бірлесе жұмыс істейтіндеріңізге сенемін, – деген Нұржан Молдиярұлы аудан басшылығына өңірдің экономикасын арттыру, инвестиция тарту, әлеуметтік мәселелерді шешу мен тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату мәселелері бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, Сәкен Мамытов 1974 жылы Сарысу ауданында туған. 2007 жылы А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Жаңатас нан зауытында жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары «Жаңатас нан» АҚ вице-президенті, Жаңатас әскерилендірілген құтқару взводының құтқарушысы, бөлімше командирі, Сарысу ауданы әкімі аппаратының кеңсе және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру- инспекторлық және мемлекеттік- құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, 2016-2019 жылдары Жаңатас қаласының әкімі, 2019- 2021 жылдары Сарысу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы болса, 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support