- Advertisement -

Дені сау ұлт – басты байлығымыз

52

- Advertisement -

Денсаулық – әрбір адамның, ал дені сау ұлт кез келген мемлекеттің басты байлығы. Сол секілді өңірдің де өміршеңдігі тұрғындардың саламатты өмір салтына тікелей байланысты. Бүгінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша 1 219 437 адамға 389 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. Структураға сәйкес, облыс бойынша жыл басынан бері 59 094 науқас ем қабылдап шықты. Өңірдегі бастапқы медико-санитариялық, стационарлық медициналық ұйымдарда, оңалту орталықтары, медициналық жедел жәрдем стансасы құрылымында жан-жақты халыққа қызмет көрсетілуде.

Жалпы, облыс бойынша барлығы 11 жылжымалы медициналық кешен бар. Биыл барлығы 265 елді мекенді қамту жоспарланса, 3 айда қамтылған елді мекендер саны 72-ні құрап отыр.

Осы жылы 96239 адамды медициналық тексерумен қамту жоспарланып, 3 айда 29 309 адам қамтылды, оның ішінде 7 036-сы – бала. 7 273 диагностикалық зерттеулер, 1434 зертханалық тексеру, 40540 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді.

Тұрғындарды қарау барысында 1 697 науқас анықталды. Оның ішінде қан айналым жүйесінің аурулары – 281, қант диабеті – 31, глаукома – 7, балалар ауруы – 391 және басқа да аурулар – 987. Анықталған 1 697 науқастың 370-і медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына есепке алынды, оның ішінде 52-сі – бала.

2022-2023 жылдар аралығында облыс бойынша халықтың табиғи өсімі 1000 тұрғынға шаққанда 14,78, туу көрсеткіші – 20,64, өлім-жітім 5,86 пайызды құрады.

4 айда 3 ана өлімі тіркелді. 2022 жылдың ұқсас кезеңінде ана өлімі тіркелмеген болатын.

4 айда 55 нәресте шетінеп, көрсеткіш 6,7-ні құрап, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға төмендеген.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, қан айналым жүйесінің аурушаңдық көрсеткіші 10 пайызға төмендеген. Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші бірқалыпты болып, 13,5-ті құрады. Ал, осы аурудан болатын өлім- жітім көрсеткіші 40 пайызға төмендеді.

Қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық көрсеткіші 10,3 пайызға, ал өлім-жітім көрсеткіші 16,3 пайызға азайды.

Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар көрсеткіші 16 пайызға, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттанудан болатын өлім көрсеткіші 31 пайызға төмендеп отыр.

Әрине, медициналық қызметтің сапасын арттыруда инфрақұрылым мен жаңа ғимараттардың маңызы жоғары. Осы ретте биыл облыста саланың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2,8 миллиард теңгеге 19 жоба басталды, оның 17-сі пайдалануға беріледі.

Осы жылдың ІІ тоқсанында құны 14,1 миллиард теңгені құрайтын облыстық онкологиялық диспансерді пайдалануға беру көзделген. Сонымен қатар, 2022 жылдан өтпелі 5 нысан: «Меркі ауданының гинекология, ЦСО, инфекциялық, балалар, қабылдау бөлімшелерін қайта құру» жобасы, «Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында ауысымына 45 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу» пилоттық жобасы, «Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы аудандық аурухана ғимаратына қосымша құрылыс» жобасы, «Шу ауданы Шу қаласы Сәтбаев көшесі №155 мекенжайындағы қалалық емхана ғимаратын қайта жаңарту» және «Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында 48 орындық балаларды оңалту орталығын салу» жобалары аяқталып, тапсырылады.

Қосымша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Қордай ауданында Масаншы ауылдық ауруханасының емханасына қосымша құрылыс салуға және Сортөбе ауылындағы ауылдық аурухана аумағында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын емхана салу жобасына қаражат қаралды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдар аралығында облыста 5,2 миллиард теңгеге 30 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде ғимаратсыз 5 нысанға жаңа медициналық пункт құрылысы да бар (Аңырақай, Ақкөз-Қайнар, Қорағаты, Жиделі, Жаңатеріс).

Осы жылға жоспарланған 10 нысанның құрылыс жұмыстарына конкурс өткізілуде.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде 3 ауданда (Меркі, Шу , Талас аудандарында) ауданаралық көпбейінді орталық ауруханалар құруға қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған.

Жоба барлық ауылдарды тиісті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және халықты сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.

Шұғыл және орта технологиялық медициналық көмек алу қашықтығы 500- ден 200 шақырымға дейін қысқарады.

Нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 38,8 пайыздан 36,7 пайызға дейін төмендейді деп жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, 1,4 миллиард теңгеге 10 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылады. Осы ретте «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Меркі ауданының Достық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратын күрделі жөндеу бекітілген. Бұл саладағы көрсеткіштердің оң динамикасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Кадрлық мәселелер де үнемі саланың басты назарында. 341 БМСК және 36 ауруханалық нысанда 15 783 медициналық қызметкер қызмет атқаруда. Өткен жылдың қорытындысымен кадр тапшылығы 120 бірлікті құраса, бүгінгі күнге жалпы дәрігерлер тапшылығы – 80 бірлік.

Тапшылықты шешу мақсатында облыстың грантымен жалпы медицина мамандығы бойынша 42 студент оқиды. Биыл өңірде 16 жас маман жұмысқа кірісті. Қосымша 63 дәрігер резидентурада оқиды. Соңғы 3 жылда облысқа 415 жас маман келді. Оларды тұрақтандыру мақсатында 800,0 мың теңге – ЖБ есебінен көтерме ақы бөлу, 1500 АЕК көлемінде РБ есебінен бюджеттік кредит бөлу, 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы беру және коммуналдық қызметтерге арналған шығындарды өтеуге көмек берілуде.

Бүгінгі таңда Бірыңғай Дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар 7 миллиард 410 миллион 885 мың теңгеге жеткізілді.

Соңғы 3 жылда жергілікті бюджет есебінен 9,1 миллиард теңгеге материалдық-техникалық базаны нығайтуға медициналық құрал-жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдар алынды.

Оған қосымша, қаржы лизингі шарттарымен 12 дана санитариялық автокөлік облыстық жедел жәрдем стансасына сатып алынды.

Нәтижесінде биыл 3 айда медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету облыс бойынша 90,8 пайызды құрап, 3,8 пайызға өсті.

Негізгі құралдарының тозу пайызы 69,8 пайызды құрады.

Сақтандырылмаған халықтың саны 228 037 (20%) адамды құрайды, жыл басымен салыстырғанда 5 500 адамға төмендеді.

Аймақта денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруға бағытталған жоспарлар да аз емес. Мәселен, Үздік тәжірибе орталығы бүгінде Меркі, Жамбыл, Талас аудандық орталық ауруханаларында және №2, №5 қалалық емханада іске қосылып, жұмыс атқаруда. Қырғыздың денсаулық сақтау өкілдері облыстағы «Үздік тәжірибелер» орталықтарының жұмысымен танысып, оқыту семинарларынан өтуде. Оған қоса салалық басқарма, ҚР дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығы Қырғыз Республикасының отбасылық медицина орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Тұрғындарға шұғыл, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мақсатында 3 аудандағы (Меркі, Талас және Шу) аудандық орталық ауруханалары көпбейінді ауданаралық ауруханалары болып жаңғыртылады.

Бұл ауруханаларда травматология, 2-3 деңгейлі инсульт орталығы немесе ТКА (Тері арқылы коронарлық араласу — Чрескожное коронарное вмешательство) орталығы, перинаталдық орталық немесе босандыру, хирургиялық, реанимация, интенсивті терапия және медициналық реабилитация, қайта қалпына келтіру бөлімдері ашылады. Бұл 340 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар да назардан тыс емес. Мәселен, биыл 4-5 мамырда «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Психикалық денсаулыққа заманауи көзқарас» атты республикалық ғылыми- практикалық конференциясы өтті.

Оған еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам психикалық денсаулық орталықтарының мамандары қатысты. Сол секілді Жамбыл облысының дәрігерлер делегациясы екі аптаға жуық уақыт Туркия мемлекеті Стамбул қаласында «Medipol Mega University Hospital», «medipol bahçelievler hastanesi» көпбейінді клиникасында оқу тәжірибесіне қатысты.

Жетісу облысының медицина саласы өкілдері Жамбыл облысының «Үздік тәжірибелер орталықтарының» моделін практикаға енгізу тәжірибесін зерделеу мақсатында Таразға келді.

Құрамында облыстық, қалалық, аудандық емдеу ұйымдарының реаниматолог, трансфузиолог дәрігерлері бар облыс делегациясы биыл 27-28 сәуір күндері аралығында Астана қаласында өткен «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» атты халықаралық XI республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Сәуір айында облыстық фтизиопульмонология орталығында (ЖООО) «Кеуде хирургиясындағы эндоскопия» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді.

Меркі ауданының Ақтоған ауылдық елді мекені – «Салауатты ауыл» атанды. «Салауатты ауыл» жобасы аясында ауыл әкімдігі мен біздің басқарма арасындағы екіжақты меморандумға қол қойылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жемісті жалғасын табатын болады.

 

Жанар ОСПАНОВА,

облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support