- Advertisement -

Бердібек Машбекұлы САПАРБАЕВ

79

- Advertisement -

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозында жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист, ҚазССР қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары, Президент аппараты бөлімі мен министрлері кабинетінің істер басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облысының әкімі болған. Одан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, премьер-министрдің орынбасары, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы министрлігінің вице-министрі – кедендік бақылау комитетінің төрағасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарған. Ол 2020 жылдың 10 ақпанынан 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін Жамбыл облысының әкімі болып қызмет етті. 2022 жылдан «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Бердібек Машбекұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

 

Жамбыл облысының әкімдігі, облыстық мәслихат, облыстық Қоғамдық кеңес, облыстық ардагерлер кеңесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support