Қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн

Қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн
ашық дереккөз
Қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн
Жақында Талас ауданында суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары бойынша акция өтті. «Су – тілсіз жау» деген ескертулерді есімізден шығармауымыз керек. Аудан аумағында арнайы суға түсуге белгіленбеген орындарда суға түспеу, ата-аналардың жаз маусымында балаларын қадағалаусыз қалдырмау, жас балалардың суда шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарының арты қайғылы жағдайларға соқтыруы әбден мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайды болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы білім беру мекемелеріне шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары бойынша акция өткізді.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар