- Advertisement -

Героин контрабандасының жолы кесілді

8

- Advertisement -

«Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күні облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі департаменті және облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қырғыз елінен Қазақстанға героин жеткізу арнасының жолын кесті.

Бұл күні бұрын есірткі сақтағаны үшін сотты болған Алматы облысының тұрғыны құрықталды. Күдікті әйелден салмағы 700 грамнан асатын «героин» есірткі затының 2 полиэтилен пакеті тәркіленді. Айта кетейік, тәркіленген 16 миллион теңгенің партиясы 1500-ден астам адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 286-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы) және 297-бөлігі 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

 

Есен ӨТЕУЛІ

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support