- Advertisement -

305 жол-көлік оқиғасы тіркелген

22

- Advertisement -

Өңірлік полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 24 жастағы Шымкент қаласының тұрғынының басқаруындағы «Toyota Alphard» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру барысында полицияның қызметтік көліктерінде болатын сигналдық дыбыс ұлғайтқыш құрылғы (СДҚ) орнатылғаны анықталды. Сондай-ақ, автокөлік салонынан спорттық бита құралы табылды. Оның қандай мақсатта қолданылғаны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда бұл зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Бүгінде құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 603-бабы 2-бөлігі (көлік құралында арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз салу) ӘҚБтК-және 590-баптың 7-бөлігі (рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Біз жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. «Альфард» маркалы автокөлік жүргізушілерімен жиі жол-көлік оқиғасы орын алады. Олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, белгіленген жылдамдықты шектен тыс асырып, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүргізеді. Ал, бұл қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін, – деді өңірлік полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Дәулет Жанғабылов.

Атап өтерлігі, өңір аумағында 4 ай ішінде 305 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, онда 42 адам қаза тапқан. Сондай-ақ, 459 азамат түрлі дәрежеде жарақат алған.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support