- Advertisement -

Жалпыреспубликалық акция жалғасады

97

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы көптеген игі істерге бастамашы болуда. Оның тағы бір көпшілікке тиімді тұсын «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясынан байқадық. Еліміздің барлық қалаларында бір мезгілде өткізілген акция Тараз қаласында «Mart» сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылды.

Акция аясында заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері мәселесін айтып келген тұрғындарға заң аясында көмек көрсетіп, кеңес берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырған акцияға келушілер көп болды.

– Аталған акция халыққа құқықтық көмек көрсету, ұсыныстар айту мен көкейкесті сауалдарына тиісінше жауап беру мақсатында өткізілуде. Бұл іс-шараға 45 мекеменің өкілі қатысты. Мұндай акция жыл сайын ұйымдастырылады. Оның барысында тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдар бойынша құзырлы органдар тиісінше шешімдер қабылдап, жауаптар беріледі. Акцияға келушілер тарапынан негізінен жер мәселесі және денсаулық, білім саласына, тағы басқа да тақырыптарға қатысты сауалдар түсті, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментіне қарасты превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтықожаев.

Бүгінде өз құқығын білмей, алаяқтардың арбауына түсіп қалып немесе құлдықта күн кешіп жүргендер аз еместігін жиі естиміз. Құқықтық кеңесті тегін беретін мұндай акциялар, әсіресе ауылдық аймақтарға аса қажет екені рас. Бұл жайында Ербол Жұмақадырұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауылдарға жиі барып, халықпен кездесетіндерін айтты.

Жалпыхалықтық акция әлі де жалғасын таба бермек.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support