- Advertisement -

Профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді

22

- Advertisement -

Сот үкімімен кінәлі деп танылып, түзеу мекемесінде жазасын өтейтін жандарды қоғамға бейімдеудің төте жолы – оларды жұмыспен қамту. ҚАЖ қызметкерлері бұл ретте жеке кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, сотталған азаматтардың ақылы жұмысқа орналасуына күш салуда. Әйтсе де, бұл арнайы контингенттің белгіленген жұмыс уақытында қайта қылмыс жасауына мүмкіндік бермеуі тиіс. Сол себепті, тәртіп сақшылары жазасын өтеушілердің жұмыс орындарына барып, олардың заңға қайшы әрекет жасамауын қадағалауда ұстайды.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жедел бөлім қызметкерлері осы мақсатта өндіріс орындарын аралап, профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді. ҚАЖ қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралар әрбір сотты болған азаматтың өз жұмысына жауапкершілікпен қарауына әрі қайта қылмысқа бармауына тосқауыл бола алады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support