- Advertisement -

Жамбыл облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

127

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әбдібеков Данияр Темірбекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Данияр Темірбекұлы 1969 жылы туған.

Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университетін «құрылыс», Орталық-Азия университетін «құқықтану», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы аудандық жеміс-көкөніс базасында жұмысшы болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облыстық жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау басқармасы Қаскелен аудандық агенттігінің маманы, Қарасай аудандық сәулет және құрылыс комитетінің инженері, Алматы облысының жылжымайтын мүлік орталығының Қарасай аудандық филиалы басқарушысының орынбасары, басқарушысы, сондай-ақ, Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2015 жылғы қарашадан бастап Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support