- Advertisement -

Ғалымның ғибратты ғұмыры

30

- Advertisement -

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасынан «Ғибратты ғұмыр» сериясымен Ауданбек Көбесовке арналған кітап жарық көрді. Басылым көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Ауданбек Көбесовтің 90 жылдығына арналып орайластырылған.

А.Көбесовтің ғалым ретінде ғылымға қосқан үлесі негізінен ортағасырлық Қазақстанның тумасы, әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің аса бай ғылыми мұрасын зерттеумен байланысты. Ол еліміздегі фарабитанудың негізін салушылардың бірі болды. А.Көбесов зерттеулері әл- Фарабидің ойшыл-философ, математик, жаратылыстанушы, педагог ретіндегі шынайы бейнесін қалпына келтіруге зор үлес қосты. Бұрын әл-Фараби ғылым тарихында негізінен философ және музыка теориясын жасаушы ретінде белгілі болатын.

Әл-Фарабидің аса бай ғылыми мұрасын зерттеу т ақырыбында А.Көбесов 200-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік еңбектерді, сондай- ақ ұлы ғалымның еңбектерінің араб тілінен аудармаларын жариялады. Олардың ішінде «Әл-Фараби», «Әл- Фарабидің математикалық мұрасы», «Әл-Фараби шығармаларындағы астрономия», «Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы» сияқты белгілі еңбектер, сондай-ақ әл- Фарабидің «Математикалық трактаттары», «Алмагестке түсініктеме» және басқа да көптеген еңбектерінің аудармалары бар.

Ауданбек Көбесов 1932 жылдың 10 ақпанында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Жамбыл қаласында 1948 жылы күміс медальмен аяқтаған. 1952 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша өте жақсы тәмамдайды. Институтты бітіргеннен кейін Талас ауданында 1959 жылға дейін оқытушы, мектеп директоры жұмыстарын атқарды. Одан кейін Мәскеудегі КСРО ҒА аспирантурасын бітіреді де, Абай атындағы ҚазПИ-де, Қазақ КСР Ғылым Академиясында, әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да жұмыс істеді.

70 жылдық мерейтойында Жамбыл облысы, Талас ауданының Құрметті азаматы атағын алды.

Кітапқа профессор А.Көбесов туралы өмірбаяндық мәліметтер, профессордың негізгі ғылыми еңбектеріне шолу, әріптестерінің, ғалымдардың естеліктері, фотосуреттері, құжаттары енгізілген. Ға лымның еңбектерінің толық библиографиясы берілген.

 

 Елен ӘЛІМЖАН,

жазушы, драматург.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support