- Advertisement -

17 тарихи ескерткіш қалпына келтірілді

58

- Advertisement -

2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізде 17 тарихи ескерткіш қалпына келтірілген. Бұл тізімде Әзірет-Сұлтан қорық-музейі аумағындағы ескерткіштер, Отырар қалашығының учаскелері, Жаркент мешіті, Ботай қонысы, Бөкей Ордасындағы хан сарайы, Ахмет Байтұрсынұлының музей- үйі, Бекет ата жерасты мешіті, Сауран археологиялық кешені, Таңбалы петроглифтері, Жетіасар оазисінің Алтынасар ескерткіші, Испиджаб қалашығының нысандары, Абылай хан резиденциясы, Тараз қалашығы және Г.Колпаковский атындағы училище бар.

Осылайша, былтыр жалпы саны 31 тарихи-мәдени мұра нысаны қалпына келтірілді. Хронологиялық тұрғыдан қалпына келтірілген нысандар қола дәуірінен XIX ғасырдың аяғына дейінгі кезеңді қамтиды.

Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиеваның айтуынша, Қазақстанның маңызды тарихи ескерткіштерін сақтау бойынша қажетті жұмыстар жүріп жатыр және бұл іске тәжірибелі мамандар тартылған. Мысалы, Жетіасар-3 қалашығында ескі қабырғаларды нығайту және ежелгі қалдықтар негізінде жаңа ғимараттар тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл ескерткіштерді ЮНЕСКО тізіміне қосу үшін қажет. Сондай-ақ, өткен жылы шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп, онда тарихи нысандарды қалпына келтіру әдістері мен технологиялары талқыланған.

 

Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support