- Advertisement -

Тұтынушылар құқығы қалай қорғалуда?

111

- Advertisement -

Біріккен Ұлттар Ұйымында 1983 жылдан бастап 15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні болып белгіленген. Осы атаулы күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев мекемеде өткен жылы атқарылған жұмыстарды мәлімдеді.

– 2022 жылы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардан 443 өтініш-шағым түсті. Оның 315-і толығымен қанағаттандырылды. Тұтынушыларға 10 179 070 теңге қайтарылды және 78 тұрғынның сапасыз тауарлары айырбасталды. Департамент тарапынан 85 тұтынушының өтініші бойынша түсіндірме беріліп, 14 өтініш басқа мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданды, заңның тиісті бабына сәйкес, арызданушылардың 6 өтініші кері қайтарылды. Осы кезеңде жоспардан тыс 10 ірі және орта кәсіпкерлік субъектісіне тексеріс жүргізілді. Сондай-ақ, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты нысанға бармай, 9 профилактикалық бақылау жұмысы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс хаттар жолданды. Өткен жылдың мамыр айында департамент Тараз қаласының «Барысхан» алқабы тұрғындарының шағымы негізінде тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін «Медина және К» жеке кәсіпкерлігіне қатысты облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріп, тұтынушылардың қойған талабы сотпен толық қанағаттандырылды. Сонымен қатар, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушының «Пинта» кафе-барына қойған талап арызы бойынша Тараз қалалық сотында үшінші тұлға ретінде тұтынушының мүддесін қорғап, сот процесіне қатысты, – деді сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Еркінбекұлы.

Туындаған тұтынушылық дау-дамайда тұтынушы әлсіз жақ болып табылады. Кәсіпкердің заңгерлер, бухгалтерлер штабы бар, оған тұтынушылық дауды шешу оңайырақ, ал тұтынушы болса, тек өзі ғана. Бірақ, заңға сәйкес тұтынушы мемлекеттің азаматы болғандықтан, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды. Мұндай мәселелердің оң шешілуі үшін департамент үкіметтік емес органдарды да тартуды қолға алған.

 

 Қамар ҚАРАСАЕВА

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support