- Advertisement -

Сотталғандар да сайлаудан шет қалмайды

139

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде ағымдағы жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізіледі.

ҚР Конституциясы 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, ел азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Сот іс- әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.

Дегенмен, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында қамауға алынған, сот үкімі шықпаған азаматтардың сайлауға құқықтары бар.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес, жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы еліміздің 18 жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысуға құқылы.

Осылардың негізінде, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасына сәйкес, облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №67 мекемесінде болып, тергеу изоляторындағы №112 жабық сайлау учаскесінде азаматтардың сайлау құқығына қол жеткізуіне мониторинг жүргіздік.

Қазіргі таңда тергеу изоляторында 475 адам қамауда, оның 372-сінің дауыс беруге қатысуға құқығы бар. Дауыс беру құқығы бар тұлғалар саны заңды күшіне енген соттың үкімдеріне байланысты күнделікті өзгертілуде.

 

Берікбол БАЙХОЖАЕВ,

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support