- Advertisement -

«Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы» баспаға саяхат

57

- Advertisement -

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, бұқаралық ақпарат құралдарының шығу жолдары туралы, оқырмандардың өз ойын жүйелі айта білу дағдыларын жетілдіру, газет-журналдың адам өмірінде өзіндік алатын орны бар екенін түсіндіру мақсатында «Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы» атты баспаға саяхат Ы.Сүлейменов көшесінде орналасқан «Ақ жол» баспа үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» оқырмандарының қатысуымен өтті.

Баспасөз үйінің қызметкерлері газет шығаратын бөлімдерінің жұмыстарымен таныстырды.
Жұмысты сапалы атқаратын дизайншы – газеттің жарты бақыты. Жақсы беттелген газет оқырманның өзіне қажетті материалды оңай тауып алуына жәрдемдеседі.

Қалай болғанда да, беттеудің жалпыға ортақ ережелерінен басқа әр басылымның өзіне тән бағыты мен түрі, форматы мен көлемі болатынын да түсіндіре отырып, қызығушылық танытқан оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support