- Advertisement -

Анам неге жылады?

140

- Advertisement -

Жүрегім мұздап қоя берді. Біршама уақыттан соң теледидар көріп отырған анамның қасына жайғастым. Дегбірсізденіп, жүзіне ұрлана қараймын. Кірбің байқалмайды. Қайта әжім торлаған жүзі нұрланып, көздері күлімдеп кетіпті. Шамалыдан соң «Бір жеріңіз ауырып жүр ме?» дедім жайлап. Басын шайқады. «Онда неге жыладыңыз?» дедім. «Намаз оқып отырғанда ма?» дейді. Басымды изедім. «Жай…» деді ол. Әлі күлімсіреп отыр. Неге көңілді? «Менен әлдене жасырып отыр» деген күдігім одан сайын күшейіп кетті. «Қараптан-қарап ағыл- тегіл жылайсыз, неге жыладыңыз?» десем, «жай» дейсіз жайбарақат. Адам тектен-тек жылай ма екен? Не болды сізге, шыныңызды айтыңыз?» дедім мен даусым дірілдеп. Мамам маған ұзақ қарап тұрды да: «Сен қай кезде жылайсың?» деді.

– Қиналғанда.

– Тағы?

– Қайғырғанда, – дедім мұңайып.

Шешем мені бауырына тартып құшақтады да:

– Мен басым сәждеге тиіп, намазға жығылғанда жылағым келеді,– деді.

– Ой, мама! Біз аман-есенбіз ғой, несіне жылайсыз?

– Балам, адам мұңайып немесе қайғырғанда ғана жыламайды. Сен дүниеге нәресте әкелгенде жыладың ғой?

– Иә, еріксіз жыладым.

– Неге жыладың, әдейі ме?

– Жоқ, әдейі емес… Сәби сүйгеніме, бақытқа жеткеніме қуанып, мейірімге бөленіп, қалай жылағанымды білмей қалдым.

– Саған сол сәбиді кім берді?

– Құдай берді.

– Маған да сендерді Құдай берді. Басым сәждеге тиген сәт Құдайдың риясыз, әзиз пейілін сезінемін. Қуаныш пен шаттықтан айырмағанына елжіреймін. Бергеніне шүкір етемін. Әйтеуір Аллаға деген шексіз махаббаттан жаным жылынады. Сөйтіп көкте қалықтағандай, жеп-жеңіл күйге түсемін… Сондай шексіз мейірімнен жылап отырғанымды өзім де байқамаймын, – деді анам.

Құдайды қиын кезде ғана еске алмай, шаттықтың шұғыласына шомылған шуақты сәтте де, оянғанда, ұйықтағанда да естен шығармайық. Сізге осы хатты оқытқан, маған осы хатты жазуға мүмкіндік берген – Аллаға сансыз шүкір!

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support