- Advertisement -

2023 жылы 37 056 ер азамат әскерге шақырылады

67

- Advertisement -

ҚР үкіметі 9 ақпандағы ҚР президентінің Қазақстан Қарулы Күштеріне кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлығын іске асыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Aq jol ақпараттық порталы Zakon.kz. порталына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, өңірлердегі әкімдіктерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастыру және 2023 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында 18 бен 27 жас аралығындағы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 37 056 ер азаматты шақыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен қатар әкімдіктер шақыру пунктін медицина жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырып, мерзімді әскери қызметке отставкадағы әскери қызметшілер мен әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Әскери міндеттілер мен отставкадағы әскери қызметшілерді тасымалдауға арналған шығынды өтеу тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға олар ұсынған шот бойынша республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Ішкі істер министрлігіне әскерге шақырылушыларды жинау және жіберу орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыру қажет.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
2023 жылғы 2 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2023 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында өтетін әскерге кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support