- Advertisement -

Саяси науқанға дайындық барысы пысықталды

67

- Advertisement -

Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚР Парламент Мәжілісі мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіндігін айтқан болатын.

Бұл ретте, жергілікті жердегі атқарушы биліктің саяси науқан алдындағы дайындығы үлкен маңызға ие. Сол себепті де бүгінгі аппараттық кеңесте өңірдегі сайлау учаскелерінің дайындығы мен аудан тұрғындарының саяси науқаннан тыс қалмауына қатысты мәселелер жан-жақты қаралып, талқыланды.

Одан бөлек, үстіміздегі жылдың ақпан айында аудандағы 4 ауылдық округтің әкімдері сайланбақ.

Осыған орай, жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары да жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет. Кеңес барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да саяси науқаннан шет қалмауы, өзге де сайлаушыларға ыңғайлы жағдай жасау сынды мәселелер қаралды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support