- Advertisement -

Этномәдени бірлестік өкілдері құрметке бөленді

51

- Advertisement -

Тараз қаласындағы «Достық үйінде» өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жыл бойы атқарған жұмыстары қорытындыланып, облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен «Татулық пен келісім» байқауының марапаттау рәсімі өтті. Әуелі өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің биылғы жұмыстары жайлы бейнеролик көрсетілді. Облыста сексеннен астам ұлт өкілдері тұратын болса, 75 этномәдени бірлестік бар. Олардың ішінде 31-і аккредиттеуден өткен.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев сөз сөйлеп, «Бірлік пен тұрақтылықты нығайтуда ұлттық мәдени бірлестіктердің атқарып отырған жұмысы ерен. Сіздер ынтымақ пен бірліктің жаңа моделін қалыптастырдыңыздар. Сондықтан еңбектеріңізге облыс әкімінің атынан үлкен ризашылығымды білдіремін. Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңіздер» дей келе, бірқатар азаматтарды марапаттады.

Атап айтқанда, Қазақстан халқы ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Жуалы ауданындағы «Вайнах» шешен-ингуш орталығының төрағасы Лечи Өздамиров, жоғары санатты дәрігер, «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі Тимур Аширов марапатталды. Бірқатар үздіктерге Қазақстан халқы ассамблеясының Алғыс хаты табыс етілді. Сондай-ақ, облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен «Татулық пен келісім» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне де марапаттар беріліп, құрмет көрсетілді.

Осы орайда бірінші орынға ие болған «Әулиеата» қазақ этномәдени орталығы», «Ахыска» түрік этномәдени орталығы», «Жамбыл облысының немістер қоғамы», «Жамбыл облыстық Махмұд Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени орталығы», «Раданеж» орыстар қоғамы», «Вынхуа» дүнген этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің жеңісін атап өткен жөн.

Осы жыл еншісіндегі белсенді жұмыстары үшін Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі, Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстан халқы ассамблеясы Жамбыл облысының қоғамдық келісім кеңесі де марапатталды. Сондай-ақ бірқатар зиялылар мен БАҚ өкілдері де жыл алдында бағалы сыйлықтарға ие болды. Олардың қатарында әріптесіміз, облыстық «Aq jol» газеті «Экономика» бөлімінің меңгерушісі Марат Құлибаев та бар.

Жиында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншілері, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова мен Ғани Мәтебаев әннен шашу шашты.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support