- Advertisement -

Кәсіподақтардың қызметі жандана бермек

128

- Advertisement -

Құрметті әріптестер!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.

Өтіп бара жатқан 2022 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Халқымыз 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор сенім артты. Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Тәуелсіз республикамыз әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқан шешуші сәттерде еңбек адамының мүддесін лайықты түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін кәсіподақтар да өз қызметін жаңарту мен жаңғыртуды мақсат етіп отыр.

Кәсіподақтар – еңбек адамының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі. Жаңғырған жаңа заманға лайықты, әрбір еңбекшінің еңбек құқықтарын тиісті дәрежеде қорғайтын, жұмысшының еңбек қауіпсіздігін басты мақсат ететін, әлеуметтік әділеттілік принциптерін басшылыққа алатын кәсіподақ ұйымдарындағы еңбегіміз жемісті болсын! Жаңа 2023 жылда отбасыларыңызға құт-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін. Денсаулықтарыңыз мықты, бақыттарыңыз баянды, көңіл-күйлеріңіз жақсы болсын. Алдағы жыл баршамызды тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін!

 

Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ,
«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің
төрағасы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support