- Advertisement -

Жастар жарқын болашақты таңдайды

115

- Advertisement -

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу – өзекті мәселелердің бірі. Әр адам жемқорлықпен күресу жолында қағидаттарды ең алдымен өзінен бастауы қажет, сонда ғана біздің тұғырлы мемлекетіміздің болашағы парасатты әрі әділ болмақ. Осы орайда аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «Merki adaldyq alany» жобалық кеңсесінің менеджері Айғаным Шынарбектің қатысуымен «Жастар жемқорлықсыз болашақты таңдайды» тақырыбында кездесу өткізді.

Басқосуда Айғаным Өміржанқызы «Merki adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жұмысына тоқталып, жиналғандарды алдағы жоспарларымен таныстырды. Сондай-ақ орталық қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, кездесуде жемқорлықпен күресу жолында бірлесе жұмыс атқару қажеттігі жайлы да жан-жақты сөз болды.

Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуы үшін тәрбиені мектеп қабырғасынан бастап осы бағытта беру маңызды. Мәселен, бүлдіршін балабақшаға бармай тұрып әуелі ата-анасы, одан кейін тәрбиеші тәлім береді. Сол мезеттен баланың санасына адал болуды, дұрыс бағытты таңдауды, өмір жолында әділдікке ден қоюды сіңіре алсақ, ұтылмаймыз. «Не ексең, соны орасың» демекші, әділетті қоғам қалыптастыру отбасынан басталады.

Тәуелсіздігіміз бен елдігіміздің мәңгілік тұрақтылығы, ол адалдық жолымен тығыз байланысты. Ендеше, жас ұрпақты бала кезден турашылдыққа баулуымыз қажет. Әр ортада белең алған сыбайластық сияқты лас тірліктен ада болуды, бұл індет адамзат баласына аса зиян екенін түсіндіруіміз керек. Кеңес дәуірінен басталған «бармақ басты, көз қысты» секілді жат қылық әлі жалғасып келеді. Әрине, бұл өкінішті жағдай. Мемлекеттік сатып алудағы заңсыздық, мемлекет қаржысын талан-таражға салу, жер телімін заңсыз беру, оны жасырып қалу сияқты жағымсыз әрекеттер әлі де көптеп кездеседі. Иә, жемқорлық бір күнде, бір жылда жойылатын індет емес. Қазақ: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Ендеше еліміздің әр азаматы, соның ішінде өз замандастарымыз білек сыбана кіріссе, болашақта оң нәтижесі болары анық.

 

Жансая ӨСЕРБАЕВА,

аудандық жастар ресурстық орталығының инспекторы.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support