- Advertisement -

Жастарға жаңаша көзқарас қажет

205

- Advertisement -

Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті тек өз өңіріміздің ғана емес, республиканың барлық аймақтарынан және алыс-жақын шетелдерден келген ұл-қыздарға да білім мен заманауи тәрбие беріп келеді. Сондықтан университет ұжымы бүгінде жастар арасындағы адалдық, патриоттық тәрбиеге ерекше ден қоюда.

Бұл оқу орнының жұмысы академиялық адалдық, парасаттылық, креативтілік, ашықтық және қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары мен құндылықтарын қалыптастыруды басты назарда ұстайды. Университеттің қызметі академиялық беделін арттыруға, республикада және академиялық қоғамдастықта жұмыс берушілер арасындағы беделді көтеруге бағытталған.

Білім ордасында академиялық адалдық саясаты қызметкерлерді, оқытушыларды, студенттерді университет жарғысымен, академиялық саясатымен, «Дулати университетінің оқытушылары, қызметкерлерімен білім алушыларының академиялық адалдық» ережелерімен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт» нормаларымен, оқытушының және студенттің ар- намыс кодексімен, «Корпоративтік этика» ережелерімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында қолданылатын шаралармен таныстырылып отырады. Басқарма төрағасы – ректордың блогына түсетін сұраныстар арқылы басшылық пен студенттер арасында кері байланыс орнатылған. «Аmanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, студенттер мен оқытушылар арасында жүйелі түрде сауалнама жүргізіліп, мониторинг жасалады. Әдеп жөніндегі кеңес комиссиясының жұмысы тұрақты жүргізіледі.

Академиялық адалдық ережелеріне байланысты мәселелерді талқылауға және шешуге Студенттік парламент тартылған. «Саналы ұрпақ» фронт офисі Студенттік парламентпен бірігіп «Таза сессия» акциясын өткізіп тұрады. Емтихан сессиясын өткізудің ашықтығы сақталған. Курстық, дипломдық жұмыстарды, магистрлік диссертацияларды «Антиплагиат» бағдарламасы арқылы тексеру қамтамасыз етіледі. TED-X форматында кездесулер, семинарлар, кураторлық сағаттар және тағы басқа түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады. Ақпараттық материалдар университеттің оқу корпустарының стендтеріне, жатақханаларға, әлеуметтік желілерге, у ниверситеттің аккаунттарына орналастырылады. Бір сөзбен айтқанда, университет білім алушылар мен қызметкерлердің жоғары оқу орыны қоғамдастығының мүшелері ретіндегі құқықтары мен міндеттері туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге барынша ұмтылады.

Биылғы жылы Ғылым және жоғары білім министрлігінің №587 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнында академиялық адалдық қағидаттарын енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулықта» көрсетілген тапсырмалар аясында білім беру процесіне қатысты бірқатар іс-шаралар атқарылды. Нақтырақ тоқталып өтсем, 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдарында академиялық қағидаларды сақтауға қойылатын талаптар күшейтілді. Нәтижесінде қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 5 материал құқық қорғау органдарына берілді. 2021-2022 оқу жылында академиялық саясат, аттестаттаудың ережелері, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің қағидалары және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты қайта қаралып, жаңадан бекітілді. Педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың жазбаша жұмыстарының көшірме еместігін анықтау жүргізілді. GPA өту балы көтерілді. Емтихандарды өткізу барысына бейнебақылау жүйесі енгізілді. Академиялық бұзушылықтар үшін академиялық бұзушылықтың дәрежесіне байланысты өсу ретімен үш санат бойынша санкциялар енгізілді. Яғни, НУ тәжірибесі бойынша «А», «В», «С» санаттары. Жоғары оқу орны қызметінің академиялық процестерін автоматтандыруды жақсарту үшін QUANT жаңа ақпараттық-талдау жүйесі енгізілді.

2021- 2022 оқу жылының бітіруші түлектерінің 4600-ден астам дипломдық жұмыстары (жоба) және магистрлік диссертациялары маусым айында «Антиплагиат» бағдарламасынан арнайы тексеруден өткізіліп, оның нәтижесі бойынша қажетті түзетулер енгізіліп бағаланды. Осы оқу жылының жазғы емтихан сессиясынан кейін студенттерден оқытылған пәндердің мазмұны, сапасы және оқытушының шеберлігі туралы пікірлер арнайы ақпараттық жүйеде (студенттік портал) жинақталды. Осы пікірлер негізінде жаңа 2022-2023 оқу жылындағы пәндердің оқу бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуде. 2021-2022 оқу жылында емтихан қабылдау кезінде талаптар күшейтілді. «Білім алушылардың емтихандарын өткізу тәртібі және оқу жетістіктерін бағалау туралы жұмыс нұсқаулығы» жаңадан бекітілді. Емтихан қабылдаушы-оқытушыға емтихан жұмыстарын уақтылы тексеру және ААЖ-ға қорытынды бақылау бағаларын енгізу жауапкершілігі жүктелді. Комиссия мүшелері – проректорларға емтиханға жіберу және бақылау, аудиторияларда талап етілетін тәртіпті қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктелді. Мониторингтік комиссия мүшелеріне проректорларды тағайындау кезінде талап етілетін жағдайларды қамтамасыз ету, арнайы аудиторияларда емтихан жұмыстарын тексеру, бейнебақылау жүргізу жауапкершілігі жүктеледі. Академиялық мәселелер жөніндегі проректордың келісімімен кестеге сәйкес аралық және қорытынды аттестаттау барысында емтихандар өткізілетін холлдармен аудиторияларға білім алушыларды жіберу, емтихандарды өткізу барысында бейнебақылауды жүзеге асыру үшін мониторингтік комиссия мүшелерімен бірлесіп университеттің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері тартылды. Сонымен 2021- 2022 оқу жылының қысқы және жазғы сессияларының қорытындысы бойынша оқудан 1149 студент шығарылды, 397 студент оқу курсын қайта оқуға қалдырылды. Сессия нәтижелері бойынша студенттердің 23,58 пайызы ғана өте жақсы деп бағаланса, 12,58 пайыз студент қанағаттанарлықсыз баға алған.

Студенттердің сабаққа қатысуы қатаң бақылауға алынды. Соның нәтижесінде 245 студент өз еркімен, 264 студент университетпен байланысын үзгені үшін, 497 студент төлемақы төлемегені үшін оқудан шығарылды. Тағы 64 студент басқа жоғары оқу орнына ауыстырылды, 17 адам академиялық демалыстан қайта оқуға келмеді.

Студенттердің құжаттарын тексеру 5 адамды оқудан шығаруды қажет етті. Оның ішінде нострификацияның болмауына байланысты 1 студент, 4 адамның басқа жоғары оқу орнында оқығандығы нақтыланбады. М.Х.Дулати атындағы университетке 108 адам ауысып қабылданды, оның 25-і грант негізінде, 83-і шаруашылық келісімшарт негізінде білім алады. Барлық профессор-оқытушыларға студенттер тарапынан «Оқытушы студент көзімен» атты анкета бойынша бағалау жүргізілді. Бағалау нәтижесі әрбір оқытушының кәсіптік қызметін кешенді түрде бағалау үшін пайдаланылды. Google forms платформасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша студенттер арасында сауалнама өткізілді. Оған 2958 респондент қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Smart IQ Dulaty» Брейн-Рингформа тындағы зияткерлік ойын, 150-ден аса кураторлық сағат, 4 семинар, 7 кездесу өткізілді.

Тараз өңірлік университеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің 2022-2023 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспары бекітілген. Осы оқу жылында «Білім ортасы мен білім алушының үйлесуі» пәнінің мазмұны толықтырылып, барлық білім беру бағдарламаларына қабылданған студенттерге ұсынылды. Осы пәннің мазмұнында бірінші курсқа қабылданған студенттер міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуын, құқық негіздері және университеттегі білім алудың ерекшеліктерін игереді. 2022-2023 оқу жылында университетте арнайы «Комплаенс қызметі» енгізілді. Бұл қызмет университет бойынша барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысты қызметтерді үйлестіреді.

Университет пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі о блыс бойынша департаментінің 2022-2023 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспарының негізінде, оқу орнының жастары «Құқықтық сауаттылық – әділетті мемлекет құрудың жолы» тақырыбында «ЖАҢАРУ» сыбайлас  жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиевпен кездесу өткізді. М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында «Әділетті қоғамның парасатты жастары» тақырыбында студент жастар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас маманы А.Әжібаевпен және облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі А.Каукешовамен де ашық пікірлесу ұйымдастырылды.

Қорыта айтқанда, университет оқытушылары мен студенттерінің арасында осындай іс-шараларды жүйелі өткізудің нәтижесі бүгінде оқу орнында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесуге мүмкіндік беріп келеді.

 

Данияр НҰРМҰХАНБЕТ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support