- Advertisement -

Ауырып ем іздегенше…

138

- Advertisement -

Йод тапшылығы адам ағзасына қауіпті. Йодтың организмге жетіспеуі адамды ауруға шалдықтырады. Оның құрамында адам организміне қажетті дәрумендер бар. Кез келген адам үшін йод тапшылығының алдын алу маңызды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген», абзалырақ.

Қазақстан йод жетіспейтін аймаққа жатады. Соның салдарынан 2000 жылдан бастап йод жетіспеушілігі ауруы көбейді. Адам баласы тағам құрамындағы йодқа ерекше мән берген жөн. Йод жетіспеушілігі тахикардия, қол дірілдеуі, аз ғана диффуздық жемсау сынды ауруларға себеп болады. Күйгелектік, жылау, бұлшық ет әлсізденеді. Асқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су бұзылып, тамақ астындағы без ісініп, адамның көздері сыртқа шығып, беттері өзгеріп, тыныс алу қиындайды. Жүйке талшықтары қозғыштығы төмендеп, ми геометриясы өзгереді. Жүректің минуттық соғуы кемиді. Миокард гипоксиясы қалыптасады. Ас қорыту процесі бұзылады. Осыдан бастап қан аздық туады.

Қанның құрамында йодтың мөлшері жыл мезгіліне байланысты көбейіп-азайып отырады. Мәселен, қыркүйек-қаңтар аралығында қан құрамында йод мөлшері азаяды да, ал ақпаннан бастап көтеріледі, күн ыси бастаған мамыр айында йод деңгейі ең жоғары көрсеткішке жетеді.

Дәрігерлердің айтуынша, дені сау адамға күн сайын шамамен 150 микрограмм йод қажет. Егер осы қажеттіліктің орны толмаса ағзада түрлі ауру туындауы мүмкін. Қан құрамындағы йодтың аз болуы ағзаның инфекцияларға, химиялық және физикалық, патогендік агенттерге қарсы тұру қабілетін төмендетеді, тіпті ақыл-естің кемдігіне жеткізуі мүмкін екен.

Жер шарында бір миллиардтан астам адам табиғи йод жетіспейтін аудандарда өмір сүреді екен. Олардың 200 миллионы ақыл-есі кем деп танылса, 6 миллионы кретинизмге шалдыққан. Қазақстан да йод жетіспейтін аймаққа жатады. Себепсіз күйгелектік пен жылау, бұлшық ет әлсіздігі де нақ осы себептерден туындайды. Ал асқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су айналымы бұзылып, тері асты тіндері ісіп кетеді. Медицинада қан құрамында йодтың жетіспеушілігін гипотиреоз деп атайды.

Гипотиреоз кезінде жүйке талшықтарының қозғыштығы төмендейді, ми геометриясы өзгереді, бұл тежелгіштіктен, сылбырлықтан, есте сақтау процесінің бұзылуынан, ақыл-ойдың төмендеуінен байқалады. Гипотиреоз әсіресе аяғы ауыр аналарда қауіпті жағдайға жетуі мүмкін. Себебі, ауру асқынған жағдайда нәресте өлі тууы мүмкін деп дабыл қағады мамандар.

Йод тапшылығын жою үшін не істеу керек?

Адам ағзасына қажетті йодтың 90 пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Мәселен, 70 килограмм болатын адам үшін йодтың тәуліктік мөлшері – 100-230 микрограмм. Адам йодтың 90 пайызын тағамнан, ал қалғандарын ауа мен судан алады. Теңiз тағамдарынан балық, теңiз жәндiктерi, балық майы, теңiз орамжапырағы йодқа бай. Ал көкөнiстерден қызылша, салат, шпинат, қызанақ, сәбiз, қартоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, жемiс-жидектерден, құрма, алма, жүзiм, шие, шабдалы, жармалардан қара құмық және тары құрамында йод мөлшері көбірек болады. Йод жетіспеушілігі зоб яғни жемсау аурына шалдықтырады.

Емі дұрыс жүрген адам, йодты тағамдарды үнемі пайдаланса сауығып кетеді. Зобтың тұқым қуалайтын, қатерлі түрлеріне шалдыққандары құлан таза жазылып кетпесе де, дер кезінде емделсе, сырқат созылмалы күйінде қалады. Науқастар берілген мөлшердегі дәріні ішіп тұру керек. Егер ем дұрыс жасалса, 8 аптада жағдайы түзелуі тиіс. Кейде екі жылға дейін созылады. Қалқанша безінің көлемі қалпына келсе, бір жылдан кейін йод қосылған препараттарға көшу қажет.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support