- Advertisement -

Ұлты грек ұлағатты жан

43

- Advertisement -

«Біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы – бұл барлық этностардың достық жылнамасы. Мен қоғамдағы бейбітшіліктің, келісім мен тұрақтылықтың сақталуын Қазақстанның ең басты жетістіктерінің бірі деп санаймын», – деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай, еліміздегі әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен келісімі тұрақты тәуелсіздігіміздің беріктігін нығайта түскендей.

Ауданымызда көп жылдар бойы бала оқытып, олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлген озық тәжірибелі ұстаздарымыз аз емес. Сондай ұстаздардың қатарында М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп келе жатқан Надежда Сапаниди де бар.

– Ата-анам 1947 жылы Мойынқұм ауылына көшіп келген. Мен 1968 жылы дүниеге келдім. Қордай ауданындағы орта мектепті аяқтаған соң, Тараз қаласындағы жоғары оқу орнына оқуға түстім. 1987 жылы грек ұлтының азаматы, мойынқұмдық Дмитрий Сапанидиға тұрмысқа шықтым. Жұбайым аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі. Еңбек жолымды аудан орталығындағы бұрынғы «Балдырған» балабақшасында бастап, 11 жыл тәрбиеші қызметін атқардым. Абыройлы қызметтерім үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медальдармен марапатталдым. Сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің көптеген Алғыс хаттарына ие болдым. Ұлдарым Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған, қазіргі таңда Алматы қаласында қызметте. Екеуі де қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ұжымда бірнеше өзге ұлт өкілдері бар. Жыл өткен сайын еліміздің өркендей түсуі көңілімізді марқайтады. Бірлігі мен меймандостығы күллі әлемге танылған, еліміздің жеңісті де, жемісті жылдары жалғаса берсін. Мен ата-анамның кезінде көшіп келгеніне, осы ауылда дүниеге келгеніме қуаныштымын, –дейді Надежда Иванқызы.

Екі ұлын бағып-қағып, тәрбиелеп өсірген ардақты ана, аяулы жар ұстаздық қызметтен жалыққан емес. Отбасында жұбайы Дмитрийдің анасы ғана орыс ұлтының өкілі болған екен. Бір қызығы, келіні де грек ұлтынан болып шықты.

Ұлттық тәрбиені бойына сіңіре білген, сайын даланың жұпар иісін жұтып өсіп, бір кездері балабақшада тәрбиешісі болған Надежда Иванқызы осындай мейірімді жан. Оның ұстаздық жүрегіне бүкіл шәкірттері сыйып кеткендей.

 

Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,

журналист.
Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support