- Advertisement -

Сала қызметкерлері марапатталды

72

- Advertisement -

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында облыстың төтенше жағдайлар департаментінің және өрт сөндіру қызметінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттауға арналған жеке құрамның салтанатты жиналысы өтті.

Жиында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы бұйрығымен Кадр саясаты басқармасының бастығы А.Жұматаевқа мерзімінен бұрын «азаматтық қорғау подполковнигі» атағы беріліп, Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Қ.Оразбаевқа «Төтенше жағдайлардың алдын алуда үздік шыққаны үшін» медалі тапсырылды. Жуалы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Е.Өмірәливке «Азаматтық қорғау органдарының жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі берілді.

Облыстық мәслихат хатшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы өкімімен мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі М.Әкімбаев пен Т.Рысқұлов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Н.Қадырханов Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер Төтенше жағдайлар министрінің грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.

 

Н.ӘСІЛХАН,

ТЖД кадр саясаты басқармасының бас маманы,

азаматтық қорғау майоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support