- Advertisement -

Оба ауруының алдын алу маңызды

108

- Advertisement -

Меркі ауданында облыс әкімдігі ветеринария басқармасының бастамасымен «Күйіс қайыратын уақ малдардың обасын симуляциялау» атты тақырыпта республикалық оқу-жаттығу өтті. Оның негізгі ұйымдастырушылары облыс әкімдігі ветеринария басқармасымен қатар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы мен республикалық эпизоотиялық отряд және республикалық ветеринариялық зертханасы.

Аталған ауқымды іс-шара ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бекітілген жоспарға сәйкес Меркі ауданының Жамбыл ауылдық округіндегі «Сандық-Тау» шаруа қожалығының мал базасында өткізілді. Сонымен қатар аталған іс-шараға байқаушылар ретінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, республикалық эпизоотияға қарсы күрес отрядының, Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өкілдері қатысты.

Екі күндік оқу-жаттығудың алғашқы күні Меркі ауданы әкімдігінің акт залында жалпы жиналыс өткізіліп, онда облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Н.Құрмантаев облыстағы эпизоотиялық ахуал туралы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық іс-шараларды бақылау және ұйымдастыру басқармасының басшысы С.Құрманғалиев ветеринариялық жүйені реформалаудағы күтілетін өзгерістер туралы баяндама жасады.

Екінші күні мал дәрігерлері оқу-жаттығу барысында өздерінің шеберліктерін көрсетті. Атап айтқанда, олар қойға вакцина салу, егу жұмыстарымен қатар қан алу, зертханада қан сынамасын тексеру, обырға қарсы ота жасау процестерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Мамандар іс-әрекеті барысында өз шеберліктерін көрсетіп, тапсырманы талапқа сай орындап шықты. Сонымен қатар оқу-жаттығудың тәжірибе лаңында сала мамандары өзара пікір алмасып, ғалымдардың тұжырымдамаларына ден қойды.

Оқу-жаттығу соңында байқаушылар іс-шараның қорытындысы бойынша оң бағасын беріп, барлық қатысушыларға ризашылықтарын білдірді.

Еске сала кетсек, ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасы – бұл қой мен ешкінің вирустық ауруы, өткір және өткірлеу, некротикалық стоматитпен және ішек пен лимфоидтық жүйенің катаральды-геморрагиялық зақымдануымен сипатталады. Аурудың инкубациялық кезеңінде ауру және жұқтырған жануарлар да зәр шығару жолдарының инфекциясының көзі болып табылады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады, бұл олардың қайта инфекцияға төзімділігін қамтамасыз етеді.

 

 Санат НАСУРЛАЕВ,

облыс әкімдігі ветеринария басқармасының әкімшілік,

ұйымдастыру және құқықтық

қамтамасыз ету бөлімінің

бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support