- Advertisement -

Жасыл желек – жердің көркі

105

- Advertisement -

Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмысы үнемі басты назарда. Өткен сенбіде «Біз біргеміз» монументі маңындағы саябаққа «Жасыл желек – жердің көркі» экологиялық жобасы аясында тал-дарақ отырғызылды.

Жалпы Тараз қаласындағы 14-шағынауданның айналасын көгалдандыру, абаттандыру жоспары бойынша 600 түп ағаш егілді. Оның ішінде көпжылдық қайың, акация, сәндік ағашы, шаған және шынар, шырша тал-дарақтары бар. Мамандардың айтуынша, бұл талдардың барлығы Тараздың климатына бейім, өсімтал ағаштар.

Экологиялық іс-шараға қалалық әкімдіктің бөлім басшылары мен қызметкерлері, «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерлері атсалысты. Сонымен қатар ағаш егу жұмыстарына арналған техникалар да тиісті жұмыстар атқарды.

Айта кетерлігі, ағаш отырғызу алдында көшеттерді суару мәселесі шешілген. Бұл аумақта 2 су құдығы мен сорғылар орнатылған. Тамшылатып суару жүйесі ішінара жүргізілген. Алдағы уақытта осы аймаққа аталмыш жоба аясында жеміс ағаштарын отырғызу жоспарланған. Қаланы көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары одан ары жалғасын таба бермек.

 

«Aq jol»-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support