- Advertisement -

Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

92

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2022 жылғы 9 желтоқсанда, жергілікті сағат 15.00 — де Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5-қабат, 512-кабинет мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсқа мынадай маршруттың пакеті (маршруттар) шығарылады:

№ 1 Меркі а. (Меркі ауданы) – Тараз қ.;

№ 2 Тараз қ. – Шығанақ а. (Сарысу ауданы)

Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе

өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы әкімдігінің

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5-қабат, 512-кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.

Конкурстық құжаттарды алуға және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы 28 қарашада сағат 12.00-ге дейін.

2022 жылғы 14 қарашада, сағат 16.00-де конкурстық комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.

Анықтама телефоны: 8 (7262) 43-06-85.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support