- Advertisement -

Студенттер зиялы қауым өкілдерімен кездесті

131

- Advertisement -

Облыстық «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен алдағы Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік бізге аманат» тақырыбында «BIR TOLQYNDA» диалог алаңы өткізілді.

Жамбыл жастары «BIR TOLQYNDA» еркін диалогтық алаңы аясында Б.Момышұлының жақын туысы, журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы Бекет Момынқұл және ҚР Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Талас аудандық мәслихатының депутаты, ақын Үміт Битеновамен кездесті.

Жобаның мақсаты – «Әділетті Қазақстан» жастары үшін басымдық болып саналатын білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, патриотизм, жастардың саяси көзқарастарын қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, аға буын мен жас буын арасындағы ұрпақтар сабақтастығы тақырыптарын талқылау.

Кездесу барысында Бекет Әбілдаұлы студент жастармен ағасы Бауыржан Момышұлы туралы тың естеліктерін бөлісіп, ақпарат көздеріндегі Баукең жайлы жазылған, әлі де жазылып жүрген жаңсақ пікірлердің ара-жігін ажыратып берді.

Ал Үміт Қыранқызы тәуелсіздіктің мәнін терең қозғай отырып, Желтоқсан көтерілісінде құрбан болған боздақтарымыздың тілегі бүгінде орындалғанын баса айтып, қазір ортамызда жүрген батырлардың аман-сау болуын тіледі.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support