- Advertisement -

Міндетті мүлтіксіз орындау міндет

174

- Advertisement -

Қарулы Күштер құрылымдарында жаңа оқу кезеңі басталды. Әдетте мұндай оқыту жұмыстары кешенді тактикалық және саптық сабақтармен бірге өткізіледі. Еліміздің өзге де әскерилері секілді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері де жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесін көрсету мақсатында аянбай тер төгуде.

Орталық командалық пункттен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жедел кезекшісіне түскен бір ғана дабыл қоңырауы мыңдаған әскериді бір мезгілде аяқтарынан тік тұрғызды. Жедел әрекет етудің бірінші және негізгі принципі: барлық қызметтерді белгіленген жүйе бойынша уақтылы хабардар ету.

Дабыл қағыла салысымен, әскери қызметшілер мен барлық бөлімшелер жедел өздерінің қызмет орындарына келіп, міндеттік бағыттарын орындауға кірісті. Әркім өзінің іс-қимыл алгоритмін бұлжытпай орындауы тиіс. Ол үшін
әскери қызметшілер тұрақты негізде оқытылады және оларға қосымша ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ.

Тактикалық-саптық сабақтардың басты мақсаты – белгіленген мерзімде қойылған міндеттерді орындауда басқару органдары мен жеке құрамның іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыру болып табылады.

– Жыл сайын жаңа оқу кезеңінің басында қарулы күштер жауынгерлік әзірлікті арттыру бойынша тактикалық- саптық сабақтарды пысықтайды. Басқару органдары ұйымдастыру мәселелерін шыңдайды. Офицерлер құрамы стационарлық пункттерден жылжымалы басқару пункттеріне шығуы қажет. Сабақ барысында бүкіл байланыс жүйесін, батальондардың, бригадалардың далалық басқару пункттерін жіті бақылау қажет. Бұл тұтастай алғанда әскерлерді басқарудың ұтқырлығына және басқару жүйесінің тұрақтылығына кепілдік береді, – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Кучекбаев.

Қысқы оқу кезеңінің басталуы және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлерін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне жеткізу мақсатында жауынгерлік көліктер мен әскери техникалар аудандарға шығарылды. Бөлімшелер оқу-жауынгерлік міндеттерді орындай отырып, өз аумақтарында шеру жасады.

Қысқы оқу кезеңінің бірінші аптасы – бұл қысқы жағдайдағы әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен жауынгерлік қабілеттілігін тексеру. Олар жазға қарағанда күрделірек екені белгілі. Сондықтан әскери техниканы қыс мезгілінде пайдалануға дайындау өте маңызды. Әбден дайындықтан өткен жүргізуші-механиктер команда келген кезде өздерінің жауынгерлік машиналарын іске қосып, аталған аймақтарға шыға алады.

«Осы кезеңде қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізілді, жас сарбаздар, әскери бөлімшелер мен бөлімдер қажетті тәжірибеге, дағдыларға ие болды және бүгінде олар әртүрлі дағдарыстық жағдайларға дер кезінде жауап қатуға дайын», деп бағалады әскерлердің дайындығын генерал-майор Мереке Кучекбаев.

Қысқы оқу кезеңінің келесі кезегі әскери мамандықтар бойынша жеке даярлыққа, атыс даярлығы бойынша тәжірибелік сабақтарға, әскери техниканы жүргізуге, тактикалық даярлыққа байланысты іс-шаралар болады.

Дина МУХАРИНОВА,

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support