- Advertisement -

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

51

- Advertisement -

Жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы 2022 жылдың 7 желтоқсанында (Zoom конференциясына қосылу сілтемесі https://us06web.zoom.us/j/8370435576?pwd =S1k5M3V0emJtcHRzSTN3SFB1STJ0Zz09 конференция идентификаторы: 837 043 5576, Коды: 123456) сағат 10.00-де келесі күн тәртібімен Zoom платформасында онлайн режимде өтеді:

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерді ұсыну туралы.

* * *

Депутаттарды тіркеу 2022 жылдың 7 желтоқсаны күні сағат 09.30-да басталады.

* * *

Жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясы 2022 жылдың 14 желтоқсаны күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

  1. Жамбыл облыстық мәслихат хатшысының есебі.
  2. 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.
  3. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету барысы туралы.
  4. Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
  5. Әртүрлі мәселелер.

* * *

Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2022 жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 10.00-де өтеді.

* * *

Депутаттарды тіркеу 2022 жылдың 14 желтоқсаны күні сағат 14.30-да басталады.

Ескерту: Жетінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» AITUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

 

 М.САРЫБЕКОВ.

Облыстық мәслихаттың

хатшысы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support