- Advertisement -

Байзақтағы жарылыстан кейін жоғалған Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды

1 023

- Advertisement -

Байзақтағы жарылыстан кейін жоғалған Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды.

Бұл туралы “Халық үні” ақпараттық порталы телеграм арнасында хабарлады.

1 желтоқсанда Базарбай ауылында Бауыржан Дәуітбаевты жерлеу рәсімі өтеді.

Марқұмның шашылған сүйегінің бөлшектері мен киім қалдықтары жарылыс болған әскери бөлімнің ауласынан табылған. Табылған сүйекке жасалған сараптама із-түссіз жоғалған ер адамға толық сәйкес келген.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тапты, бір адам хабар-ошарсыз кетті. Сол уақыттан бері  кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтан еш хабар болмады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support