- Advertisement -

Балаларды өрттен сақтаңыз!

44

- Advertisement -

Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қалалық білім бөлімімен бірлесіп, қаладағы «Mart» сауда орталығында «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі» және «Балалардың отпен ойнауы» тақырыбында флешмоб өткізді.

Іс-шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қалалық білім бөлімінің өкілдері, сауда үйіне келуші көпшілік қатысты. Шара барысында ТЖ басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігін сақтау тақырыбындағы жадынамалар таратты.

Сондай-ақ Тараз қаласының мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру орталығының оқушылары, «Жас құтқарушы» клубының курсанттары мен Тараз мамандандырылған колледжінің 2-курс студенттері халықтың назарына сахналық қойылымдарды ұсынды. ТЖ қызметкерлері қонақтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауда орталығына келушілерді алғашқы өрт сөндіру құралын қалай дұрыс пайдалану қажеттігі жөніндегі ережелермен таныстырды.

Өз кезегінде сауда орталығына келушілер аталған флешмобты ұйымдастырушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша өткізген шараны осындай жоғары деңгейде әрі қызықты етіп ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді. Айта кету керек, бұл іс-шара әлеуметтік желілерде онлайн форматта да халықтың назарына ұсынылды.

 

Қайрат ОРАЗБАЕВ,

Тараз қаласы ТЖБ бас маманы,

азаматтық қорғау подполковнигі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support