- Advertisement -

«Авангард» шақырады!

92

- Advertisement -

Тараздық жастардың ортақ идеясынан туындаған «Авангард» поэтикалық жобасы 2019 жылы тамыз айында жас ақындар Файзулла Төлтай мен Арайлы Жақсылықтың бастамасымен жүзеге асқан еді. Еркін форматтағы алғашқы поэтикалық кеш шаһардың қақ төріндегі «Global Coffee» атты кофеханасында өтті. Жанды дауыста ән шырқап, тамылжи толқыған сан алуан аспапта әуелеген әуен ойнаған жыр кешіне халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Несіпбек Дәутай бастаған белгілі әдебиетшілер мен шаһар шайырлары қатысқан болатын.

Жүректі жырға, жанды нұрға бөлеген II-ші жыр кеші «Күзгі романс» тақырыбында өтті. Бұл қараша кешін жас ақын Нұрболат Жолдасбек жүргізген болатын.

Одан кейінгі III кеш «Есіңе мені алғайсың» тақырыбында өрбіді.

Ал пандемия тұсында «Авангард IV» «Қашықтықтағы ғашықтық» тақырыбында онлайн форматта жүректерге жол тартты.

Енді міне, араға екі жыл салып, 24 қараша күні «Авангард V» поэтикалық жобасы «АYU» мейрамханасында ұйымдастырылады.

«Сағыныш сонатасы» тақырыбында өтетін поэтикалық жыр кеші қала тұрғындары мен барша жырсүйер қауымды қадірлі қонағы болуға шақырады!

 

 «Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support