- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

66

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 Еңбек өтіліне байланысты

қызметтік еңбек ақысы

теңгеден теңгеге дейін
D-O-2 (А блогы) 410720 471788
D-О-4 А блок 263131 302255
D-O-4 В блок 226837 260564

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630 (жұмыс уақытында), e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

 

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары санаты D-О-2, №3, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блогы. Облыстық коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жүйесін ұйымдастырады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; өзіне бағынысты бөлімдер басшыларының жұмыс сапаларын бағалайды, оларды сыйақыландыруға, марапаттауға, тәртіптік жазалауға, сондай-ақ, лауазымдарын көтеруге ұсыныс жасайды, оларға мінездеме береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика және құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексі», Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңдары, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараттандыруды қолдау және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №7-2-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Ақпараттық технологияларды енгізу, дамыту және тиімді пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің («Е-Собес», «Қандас», «Еңбек нарығы») «Лотос-Нотос» және «WebDocSystem (бұлтты құжат айналымы)» электрондық құжат айналым жүйе, локальдық жүйесі арқылы басқармадағы сервердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жұмыс барысында туындаған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау. Әлеуметтік-еңбек саланы цифрландыру бойынша Жол карталардың орындалуына әдістемелік нұсқаулықтар, буклеттер, брошюралар мен слайдтар дайындау және мониторингін жүргізу. Басқарманың және ауылдық әкім округінің («е-Халық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау құқығын беру) калалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне «Қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі» арқылы пайдаланушының есеп жазбасын құрып және әлеуметтік-еңбек саласындағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу құқығын беруге өтінімдерін қалыптастыру. Жобаларды басқару қызметінің аясында бағдарламалық құжаттардың орындалуын бақылау үшін «Easy Project» ақпараттық жүйесін басқармаға енгізілуін қамтамасыз ету және жүйенің толық толтырылуы мен барлық іс-шаралардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізіп, жинақтау және іс-шаралардың орындалуы бойынша облыс әкімдігінің тиісті уәкілетті мемлекеттік органына жолдау. Басқарма мамандарын компьютерлік техникада жұмыс істеуге оқыту бойынша ақпараттық техниканы пайдалану, оның ресурстарын дұрыс жұмсау бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйесінің деректер қорын уақтылы және сапалы жинақтап, тиісті органдарға ұсыну. Компьютерлік техниканың ақпараттық қауіпсіздік талаптарының ережелері мен нұсқаларын пайдалану бойынша жұмыстарын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы. Мамандығы: ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе информатика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №5-2-1, (уақытша, жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезеңіне 12.12.2022 ж. дейін) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша мәліметтерді, ақпараттарды жинақтау және талдау, ай сайынғы, тоқсандық статистикалық есептілік пен мәліметтерді сапалы және уақытылы дайындау. Бағдарлама аясында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, инфрақұрылымдық жобаларға Бағдарламаға қатысушыларды тарту бойынша жұмыстарды үйлестіру. Өңірлік еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде болжамдық қажеттілік туралы мәліметтерді жинақтау және жалпылау. Облыстық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын қалыптастыру, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру, есептілікті жүргізіп, тиісті органдарға жолдау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау. «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс істеу және жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын үйлестіру. Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, консультативтік, іс тәжірибелік жұмыс жүргізу. Аудандық және Тараз қаласы жұмыспен қамту органдарының статистикалық есептіліктерінің «Еңбек рыногы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкес келуін қадағалауды қамтамасыз ету. Жұмыспен қамту мәселесі туралы жобалық басқаруды үйлестіру және мәліметтерді дайындау Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша мәліметтерді, ақпараттарды жинақтау және талдау, ай сайынғы, тоқсандық статистикалық есептілік пен мәліметтерді сапалы және уақытылы дайындау. Уәкілетті органдарға жұмысқа орналастыруға ықпал етуге өтініш білдірген нысаналы топтар туралы, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру, мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жөніндегі мәліметтерді, ақпараттарды жалпылау мен талдау. Нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруда әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе әлеуметтік жұмыс немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе информатика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға 01.09.2023 ж. дейін), D-О-4 санаты, №3-2, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Электр энергетика нысандары жұмысын үйлестіру, тұрақтылығын қамтамасыз ету, оларды қысқы жылыту маусымға дайындау, іс-шараларын ұйымдастыру және орындау. Елді мекендердің электр энергиясы қажеттілігін қамтамасыз ету. Облыс қалалары мен аудандарының энергоүнемдеу мен энерготиімділік жұмыстарына координация жасап үйлестіру және талдау. Жамбыл облысының энергоүнемдеу және энерготиімділікті көтеру кешенді жоспарының жүргізілу, орындалуын және жүзеге асыруын бақылау, талдау аналитикалық мәліметтер дайындап ақпарат жіберу, өзі атқаратын сала бойынша облыс әкімдігіне, облыс маслихатына, салалық министрліктерге, атқарушы органдарға, ақпарат дайындап жіберу. Энергоүнемдеу және энерготиімділік жұмыстарына аудит ұйымдастыру. Электрмен жабдықтауға бақылау және коммерциялық шығынды төмендету шарасын жүргізу және талдау. Жоғарғы кернеулі қосалқы станцияларды жобалау мен құрылысын іске асыру барысын қадағалау. Электрмен жабдықтау нысандарының жұмысы бойынша оперативті мәлімет дайындау. Балама және жаңартылған энергия көздерін орнатуына ықпал жасап талдау жасап отыру. Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімдерді дайындайды, тиісті органдардарға жолдайды және мониторингілейді.Бөлімнің құзырына кіретін басқада сұрақтар бойынша анықтамалар, мәліметтер дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: электр энергетика немесе электр энергиясын өндіруді және таратуды автоматтандыру немесе автоматтандыру және басқару немесе жылу энергетикасы немесе техникалық физика немесе техникалық машиналар және жабдықтарнемесе өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс немесе гидроэлектроэнергетика немесе гидротехникалық құрылыс немесе электр энергетикалық жүйелерді автоматты басқару немесе коммуналдық құрылыс және шаруашылық немесе энергетика және электр энергетикалық инжинирингті қайта өңдеу технологиясы немесе құрылыснемесе экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе энергетикада басқаруды ұйымдастыру.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға 17.07.2025 ж. дейін), D-О-4 санаты, (№9-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: В блок. Қазынашылық департаментіне өтінімдерді, төлем тапсырмасын жасайды. Салық департаментіне табыс және әлеуметтік салық бойынша тоқсандық және жылдық есептерді жасайды. Басқармада барлық түрдегі қызметінің бухгалтерлік есептерін (кезеңдік және жылдық) құрастыру жиынтығына қатысады. Басқарма қызметкерлеріне еңбекақы, ауруханалық қағаз, қызметтік іс-сапарлар, еңбек демалыстарға, сонымен қатар сыйақы мен басқа да төлемдермен белгіленген тәртіпте есеп жүргізеді. Басқарма аппаратының және басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорндардың штаттық кестесін және қаржыландыру сметасын дайындайды. Мемлекеттік органның негізгі құралдарына түгендеу нәтижесін жүргізеді. Штаттық сметалық тәртіптің сақталуын және еңбекақы қорынан жұмсалған төлемдердің бақылануын қамтамасыз етеді. Бюджеттік қаражаттарды тиісінше пайдалану және мемлекеттік мекемелердің қаржылық жоспарының уақытылы орындалуына тұрақты бақылау жасалуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің ұйымдық-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру және орындауға түскен хаттар мен құжаттардың орындалуын бақылау..

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Салық кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.

2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262-43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып

тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені ____________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін ___________________________________________________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

Мекенжайы: ___________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________

e-maіl: ________________________________________________________

ЖСН: _________________________________________________________

________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

 

 

 «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

 Нысан

 

 

Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК

МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА

АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ

ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО(түрлі түсті/ цветное,3х4)
_______________________________________лауазымы/должность, санаты/категория(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальныйидентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /

Дата и место рождения

2. Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность*, место работы, местонахождение организации
қабылданған /приема босатылған /увольнения
_____________________Кандидаттың қолы /Подпись кандидата _______________күні / дата

 

Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support